Атырау, 19 сәуір 19:00
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Картоп қымбаттап кетті

3 859 просмотра

Жаз басталғалы бері қала базарлары мен дүкендеріндегі көкөністертің бағасы шарықтап кетті. Мәселен, «Дина» базарындағы картоптың бір келісінің бағасы қазір 250-300 теңге аралығында.

«Биылғы картоп қой, Египеттен әкелінген, өте дәмді, бізге де қымбат бағамен келуде» дейді сатушылар.

Сәбіз бен пияздың келісі 180 теңгеден сатылса, орамжапырақ 250 теңгеге бағаланған. Ал, қияр 1 келісі үшін 250 теңгеге бағаланса, қызанақ қайта қымбаттап, қазір 450-480 теңге аралығында сатылуда. Біздің ресми сауалымызға орай «Атырау» ӘКК-нің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанмұрат ЕСЖАНОВ хабарлағандай, маусымаралық кезеңге өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті тауар өндірушілерден 2 588,6 тонна көкөніс сатып алынды. Соның ішінде 1468,7 тонна картоп, 520 тонна пияз, 300 тонна сәбіз, 50 тонна қызылша, 250 тонна орамжапырақ бар.



Қордағы тауарлар 2017 жылдың 4 қаңтарынан бастап облыс бойынша арнайы белгіленген 86 сауда-саттық орнында нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен бағамен сатылды. Бұған қоса Атырау облысы әкімінің шешіміне сәйкес 2017-2018 жж. маусымаралық мерзімге өңірлік тұрақтандыру қорына 2 жергілікті тауар өндірушіден 1 000 тонна картоп сатып алуға форвардтық келісімшарттар жасақталды.

«Статистика департаментінің бағалар мониторингі бойынша осы жылғы 2 маусымдағы және 2016 жылғы 7 маусымдағы бағаларды салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының тек бір түрінен (орамжапырақ – 11,2 пайыз) өсім байқалады», - деп хабарлайды Ж.Есжанов.

Алайда, біздің «АЖ» газеті мен сайтында апта сайын жарияланатын бағалар кестесінде басқа мәліметтерді байқауға болады. Былтырғы маусымның басында картоп бағасының бір келісі «Дина» базарында 150 теңге, пияз – 130 теңге болған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

14 маусым 2017, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.