Атырау, 19 сәуір 09:32
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Балық аулайтын жерлерді білу керек

5 353 просмотра


16 маусымда Жайық өзенінде әуесқойлықпен балық аулау маусымы ашылады. Атырау әкімдігінің қаулысымен ол үшін учаскелер белгіленген.

- Талғайраң ауылынан ММС елді мекеніне дейін балық аулауға рұсқат етіледі, - дейді аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ. – Золотой және Яицкий салаларының тарамдарынан бастап (ММС ауданы) теңізге шығатын жерге дейінгі учаске қорық аймағы болып табылады, ол жерге рұқсат жоқ.

Қала шеңберінде де тыйым салынған бес учаске бар. Бұлар: Ақжар (Буровиков) ауылының маңындағы, Томарлы (Теңдік) ауылының маңындағы, Бірінші учаскедегі «Атырау Су Арнасы» су алу тоғанының, қалалық судан құтқару станциясының («Орал» мейрамханасының жанында) және АМӨЗ су алу тоғанының маңындағы (Жилгородокте) қыстау шұңқырлары.

Шектеу бұрынғыша: әр балықшыға 5 қармаққа дейін және 5 келіге дейін балық аулау. Әуесқойлықпен балық аулау маусымы келесі жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 маусым 2017, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.