Атырау, 19 сәуір 20:39
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Мұнай бағасының арзандауы Қазақстанға жайсыз тиді", "Орталық Азиядағы исламның қазіргі көрінісі қандай?, "Карта ойыны: Қытайдың көздегені қандай көзір?", "Ресей мен Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын кеңейтудегі мақсаты әр басқа"

1 971 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Орталық Азиядағы исламның қазіргі көрінісі қандай?" - Орталық Азиядағы қазіргі діни жағдайдың қалыптасу себебі әртүрлі. Аймақтағы кейбір елдерге сыртқы факторлар әсер етсе, енді бірі «халықтық базадағы» исламды сақтап қалды. 

"Мұнай бағасының арзандауы Қазақстанға жайсыз тиді" - Батыс басылымдары ОПЕК ұйымына мүше және мүше емес мұнай өндірушілердің шикізат экспорты көлемін шекті деңгейден асырмау туралы келісіміне қосылған Қазақстанның әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауынан тығырыққа тап болғаны туралы жазады.

INFORMBURO.KZ. "Қазақстан астығының Қытай нарығына шығуы – жаңа экономикалық реформаны қажет етеді" - Қытай экспорт квотасын көбейтіп, Қазақстан астығы "жасыл өткел" арқылы шекара асуда. Ал біз экологиялық таза астық өнімімен Қытай сұранысын қамтуға дайынбыз ба?

ZHASALASH.KZ. "Жиеннің жаттығы жоқ десек те..." - Қазақта «жиен» деген ұғым бар. Бұл сөздің шығу тегінің өзі – бір тарих. Ертеде төркіндеп келген қызының баласына нағашы жұрты бәсіреге мал атап, оған арнайы ен салған. Жер аяғы кеңіп, мал қоңданған соң, «жи еніңді!» деп, баланың бәсіре малын жинап берген екен. Бірақ баяғы салт-сананың өзгергені сонша – жиен атаулының көпшілігі бүгінде нағашы жұртына біржола тұрақтап, сіңісіп кететін жағдайлар жиіледі. Яғни ауыл-ауылда өз әкесін танымайтын, өз жұртын білмейтін жиендер өсіп келеді.

QAZAQTIMES.COM. "Ресей мен Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын кеңейтудегі мақсаты әр басқа" - Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кездесу отырысында, ШЫҰ алғаш рет кеңейіп, құрамына Үндістан мен Пәкстанды қосып алды. Аталған екі елдің ШЫҰ-ға мүше болуын ұйымның жаңа тарихын бастады деуге болады. Елбасының басшылар кездесуінде сөйлеген сөзінде де жаһандық қауіпсіздік үшін де ШЫҰ-ның ықпалы артып отырғанын баса айтып өтті. Себебі, Үндістан мен Пәкстанның қосылуымен ұйымда 4 ірі ядролық держава бар болып отыр. Сонымен бірге ұйым Қытай, Ресей және Орта Азия елдерін қамтыған әлем халқының жартысына жуығын қамтып отыр. 

ABAI.KZ. "Карта ойыны: Қытайдың көздегені қандай көзір?" - Қытай тарихшылары Қазақстанның жарты жерін Қытайға қосып жіберіпті. Иә, бұл мәселе қазақ тарихшыларының тарапынан бірнеше рет наразылыққа ұшырағанымен  күні бүгінге дейін әлгі карталар Қытай оқулықтарында бар көрінеді. 

"Ақырып теңдік сұрар күн туды..." - Патшалық Ресейдің, одан кейін Кеңес Одағының басып-жаншу әдістері алуан түрлі  болғанмен, көздеген мақсаты біреу еді. Бұрын жинақы отырған, бір тілде сөйлеген қазақтарды қырық бөліп, өз соғыстарына әскер алып, пайдаланып, үш рет әліппесін өзгертіп, ашаршылықты қолдан ұйымдастырды. Алаш Орданы құрған ұлтшылдарды қынадай қырды. Одан қала берді Бірінші, артынша Екінші дүниежүзілік соғыстан есеңгіреп қалған қазақтың шығысында «Семей-Невада» батысында «Капустин-Яр» деген желеумен 40-жыл бомбалады.

365INFO.KZ. "«Бұл сорақы жағдай». Танымал пиаршы орыстілді қазақтарды ренжітіп қоймады ма?" - Орыстандыру саясатын, асфальтта өскен қазақтарды тілге тиек етіпті. Әрине, айтылмай жүрген дүние емес. Дегенмен мұндай мәселелерді Домбай сияқты азаматтардың көтеруі мемлекеттік тілдің меңгеруге құлықсыз орыстілді қазақтарға ой салар деген ойдамыз.

DALANEWS.KZ. "Н. Кенжеахмет. Біз өзі кімбіз?" - Дүниежүзінің елдерінде «зиялы қауым» атауы ауызға жиі алына бермейтіндей. Батыста зиялы қауым емес, «интеллектуал» ұғымы сіңімдірек болса, бізде оның ерекшелігін айқындайтын нақты бір ереже, талап, өлшемдерді санамалап, анықтау қиынға соғады. Байырғы түсінік бойынша, зиялы қауымның қызметі әрқилы, оларға артылар міндет те түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырғанын бағамдаймыз. Әлеуметтік топ ретінде зиялы қауымның бүгінгі ішкі құрылымы мен белгілері толық анықталып бітті деп кесіп айтуға келмейді. Тіптен, зиялы қауымның қандай да бір әлеуметтік топқа жатар-жатпайтынының өзі даулы мәселеге айналып тұр. Жалпы, біз білген деректе зиялы қауымның негізгі төрт өлшемін тайға таңба басқандай анықтап көрсетеді: 1. Білімділік, 2. Ұят, 3. Кішіпейілділік, 4. Халықты сүю. Ал біздің бүгінгі қоғам зиялы қауымға қандай өлшеммен қарайды? «Желқазық» айдарымыздың бүгінгі тақырыбы осы сұраққа жауап іздейді.

12 маусым 2017, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.