Атырау, 28 наурыз 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Алтын президент

Сурет
4 860 просмотра


«Хонка» - Украинаның бұрынғы президенті Виктор ЯНУКОВИЧТІҢ резиденциясы осылай аталады. Ол Киевтен 20 шақырым жерде бір кездері бөгде көзден таса болған «Межигорье» ұлттық бағының аумағында орналасқан. Енді кез-келген ниет білдіруші 100 гривень (шамамен 3 доллар) төлеп, бақты аралап, қуғындалған президенттің тұрмысымен таныса алады.  

Дәл осы жерден 2014 жылы Янукович қымбат уақ-түйек бұйымдарға толы осынау орасан үйді көтеріліске шыққан отандастарына қалдырып, тікұшақпен елді асығыс тастап кеткен еді. Оның кабинетіндегі нан бөлкесі түріндегі алтын құйма ең әйгілі жәдігерге айналған болатын.

Үйдің бұрынғы қожайынының эстетикалық талғамы – еуропалық ортағасырлық және қолайсыз сәулет фьюжні. Бұл жердеі әр шаршы метр – талғамсыздыққа толы.

Экскурсия қымбат итальяндық мәрмәрдан салынып, рыцарлардың қару-жарағымен безендірілген холлдан басталады. Моншақты-тасты жеделсаты, қолтырауын терісі қойылған тамақ ішетін үстелі бар үлкен асхана. Сол маңда Леннонның қолтаңбасы қойылған ақ рояль тұр, әрі қарай – православиелік шағын шіркеу жалғанып салынған.


Әр жерде плазмалық теледидардың алып панельдері мен бағалы ағаш бұйымдар көп. Ағаштардан тынысың тарылады (мұны ливан балқарағайының шипалы хош иісі деп растайды), итальяндық мәрмәр шиыршықталған шимайларға толы, антикалық өрнектер мен апталған алтындардың молдығынан көз ауырады.

Үлкен хрусталь аспашам Астанадағы элиталық пәтердің құнына барабар. Мәрмәр баспалдақта – леопардтардың алтын жалатылған мүсіндері қойылған. Үй жерасты өткелі арқылы дене шынықтыру-сауықтыру орталығымен жалғасқан. Ол жерде бильярд бөлмесі, массаж кабинеті, солярий, капсулалар, соның ішінде, криокамера бар. Ол жерде адам денесі бірнеше секундқа 170 секунд аязға ұсталады. Бұл ағзаны жасартады деседі. Тұзды үңгір стилінде салынған арнайы бөлме бар. Әр әйел қысқы дайындама үшін әдетте пайдаланатын бумен тыныстаған пайдалы. Спортпен айналысу үшін жабық теннис корты, боксерлік ринг пен жатығу залы салынған. Бәрі су жаңа, резіңкені иісі шығады.  



Жоғарыда Янукович пен оның азаматтық әйелі Любовь ПОЛЕЖАЙҒА арналған жеке гардеробтар мен дәретханалары бар екі жатын бөлме ораналасқан. Сүйіктісінің алтындалған суретін әкетіп үлгермеген. Дәретхана бөлмелерінің барлығына алтын жалатылған, әйелдер бөлмесі мұнымен қоса тастармен әшекейленген. Тіпті, қоқыс шелегі де сондай.



Кітап шкафы бар шағын жұмыс кабинеті қарапайымдау көрінеді. Былғары жиһаз, мәрмәрдағы Януковичтің тектік рыцарлық гербі. Осыған ұқсас бұйымды қазақ ағалары өз үйлеріне іліп қойғанды ұнатады. Кітапхананың декоративтік рөлді атқарып тұрғаны айқын - шетел әдебиеттерінің, орыс классикасының коллекциялық басылымдары, танымал спортшылар мен әртістердің сыйлаған кітаптары.


«Хонка» қазір украиндықтар үшін президенттік жемқорлық пен адамзаттың сараңдығының символы іспеттес. Резиденция есігінің жанына танымал интернет-мем Ждунның мүсіні текке қойылмаған. Бәлкім, қуғындалған президент қайта оралып, халық алдында жауап беретін шығар?



Ал алтын бөлкені ақыры көре алмадым. Оны резиденцияға алғаш кірген Майдан жігіттері алып кеткен деседі. 100 жыл бұрынғы революциялық "Грабь награбленное!" деген ұран кейде жүзеге асып жатады.  

Азамат МАЙТАНОВ  

Атырау-Киев

Суретті түсірген автор

11 маусым 2017, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.