Атырау, 25 сәуір 10:41
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мас жүргізушінің кесірінен үш адам зардап шекті

3 392 просмотра


Кеше, 9 маусымда сағат шамамен 23.20-да Тайманов даңғылы мен Жарбосынов көшелерінің қиылысында көлік апаты орын алды. Рөлінде 46 жастағы Атырау тұрғыны отырған «Киа Спортиш» көлігі жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберу үшін қиылысқа тоқтаған «Ниссан Премьера» көлігін артқы жағынан келіп соғады.

Рөлде 26 жастағы жүргізуші отырған көлік артқы жағынан тиген қатты соққыдан алға қарай қозғалып кетіп, 33 жастағы тұрғын мен оның 15 жастағы қызын қағып кетеді. Медициналық тексеруден кейін әкесі үйіне жіберілді, ал қызы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, сараптама «Киа» жүргізушісінің мас болғанын көрсеткен. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Полицияда ахуалды түсіндірді: егер сараптама зардап шегушінің ауыр зақым алғанын көрсетсе, қылмыстық іс қозғалады және көлік апатын тергеумен ІІД анықтаушылары айналысады.

Балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде бізге оқушы қыздың травматологиялық бөлімге «аяқтың жабық сынуы» диагнозымен жатқызылғанын айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 маусым 2017, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.