Атырау, 24 сәуір 01:24
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"«Асан мен Үсен»", "Қазақ доминатты ұлтқа айналды. Енді Алаштың қалауы орындалуы тиіс", "Әлем президенттерін кім тағайындайды: 2017 жыл – әлемде «сайлау жылы»", "Сенаттағы ФБР-дің экс-директорын тыңдау"

2 713 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзін-өзі өртеген кәсіпкер үш жыл шартты жаза алғанына наразы" - Былтыр желтоқсанда Шымкенттегі облыстық прокуратура алдында өзін-өзі өртеген, биыл мамырда үш жылға шартты түрде сотталған кәсіпкер Нұркен Айнабеков үйінде әлі емделіп жатыр.

"Сенаттағы ФБР-дің экс-директорын тыңдау" - АҚШ сенатының барлау комитеті маусымның 8-інде ФБР-дің бұрынғы басшысы Джеймс Комиді тыңдады. Комиді мамырда президент Дональд Трамп қызметінен алып тастаған.

ZHASALASH.KZ. "Саяси қуғын-сүргін жоқ болса..." - Президентке ашық хат. Таяуда Сіз саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының рухына тағзым етіп, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойдыңыз. 103 мыңнан астам адамның тұтқындалып, оның 25 мыңнан да көбінің ату жазасына кесілгенін, Қазақстандағы 11 лагерьдің қабырғасында адамдар қинау мен азаптау салдарынан қаза болғанын айттыңыз...

"«Асан мен Үсен»" - Осы аттас ертегі бар. Бай мен жарлының екі баласы көштен қалып қойып, біраз қызықты бастан кешіреді. Бала кезде оқыған осы ертегі бүгін есіме түсіп отырғаны. Жоқ, әңгіме дәулетті және кедейдің балаларының жағдайы туралы емес, мәселе осы екі кейіпкердің аттарында болып тұр. Өйткені осы қос ататек (фамилия) қазіргі Қазақстанда орныққан басқару жүйесінің өзіндік әрі бір-бірімен біте қайнасқан символына айналып отыр.

INFORMBURO.KZ. "Ақмола облысының тұрғыны күбіде қымыз пісуді автоматтандырды" - Байте Әлібай қымызды өзі қолдан жасаған күбіде автоматтандырылған піспекпен піседі. Өйткені, қымыздың бойындағы бар дәрумен тек ағаш күбіде ғана сақталады.

QAZAQTIMES.COM. "Әлем президенттерін кім тағайындайды: 2017 жыл – әлемде «сайлау жылы»" - 2016 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Дональд Трампты Ақүйдегі президент кеңсесіне кіргізді. Бұл бір Құрама Штат ғана емес әлемдегі бірқанша елдердің сыртқы саясатына әсер еткені анық. Айталық, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Кореямен қатар Еуропа елдері Трамптың келуіне байланысты АҚШ-пен арадағы сыртқы саясаттарына бірқатар өзгерістер енгізді. Өткен жылдың жыл қортындысын жасаған Трамптың президент болуы, қаңтар айынан бастап әлем елдерін саясатын дүбірге ұластырды.  

365INFO.KZ. "«Нем бар еді?..». Латынға қарсы Ресей министрін балағаттаған саясаттанушы бәлеге қалды" - Қазақстанда латынға көшуге қарсы  белгілі бір топ бар. Сөйтсек, мұндай құбылыс бір бізде ғана емес екен. Мәселен, Әзірбайжанда латынға көшуге ниет білдіріп жатыр. Міне, бұл ұсынысты қолдап, көтерген бір әзірбайжан қоғам белсендісі осыдан соң, қалай „нацист„ болып шыға келгенін баяндап беріпті.

"«Қатты өкінемін». АҚШ-тағы ең мықты полицей — қазақ баласы іштегі сырын жайып салды" - АҚШ-тағы қазақстандықтар туралы деректі фильм түсіріп жүрген режиссер Қанат Бейсекеев Нью-Йоркте мықты полицей болып танылған Димаш Ниязов туралы фильм түсірді.

ABAI.KZ. "Қазақ доминатты ұлтқа айналды. Енді Алаштың қалауы орындалуы тиіс" - Өткенде ғана ресми статистика шықты. Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтапты. Құдай көп көрмесін дедік. Онда да елге келгені бар, кеткені бар, елдің жалпы саны осы болды. Біз мына дерекке назар аудардық. 18 миллион қазақстандықтың 71 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрайды екен. Иә, 71 пайыз қазақ елде бар. Бұған қоса, 80 пайыздан астам аудитория  қазақ тілді екенін есепке алыңыз. 80 пайыз деген қазақ тілін еркін меңгерген, сол тілде сөйлейтін жұрт. Сөйтіп, статистика Қазақстанда абсольютті доминант тіл – қазақ тілі, басым ұлт – қазақ болды дегенді анық айтып тұр.

"Ермұрат Бапи. ЭКСПО қызығын таксиші бастады" - Енді екі күннен кейін елдің де, елбасының да есін алған ЭКСПО басталады. «Тойдың болатынына» тойдық: ресми деректер бойынша, тек көрменің құрылысына ғана 3 миллиард долларға жуық қаржы шашылған екен. Бұл бүкіл Қазақстанның екі айлық бюджетіне пара-пар сома. Ол сомаға қанша баспана салуға болары – елдің етегін жасқа толтырар әңгіме. Немесе осы қаржыға Алматы мен Астананың арасына төрт жолақты даңғыраған күре жол салуға болар еді.

JASQAZAQ.KZ. "Дихан Қамзабекұлы: «Ақталғаны да, ақталмағаны да бар»" - Биыл Алаш үкіметі мен мемлекеттік тәжірибесіне – 100 жыл! Осы уақытқа дейін азаттық жолында азапты да тар жолды бастан өткерген арыстарымыздың біразы әлі ақталмағанын газетімізде жазғанбыз (№21 «Тектілерден айырылдық. 59-баппен жазаланғандар қашан ақталады?). Біз таяуда ғана Ұлттық ғылым академиясының академигі атанған Дихан Қамзабекұлымен жолығып, бұл мәселе бойынша сұхбаттасқан едік. Ғылыми бағытын толық қазақ руханиятын жаңғыртуға арнап келе жатқан ғалым Алаштың 100 жылдығы  мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін баяндады. Қазір қоғамда біршама пікірталас тудырып отырған Ұлттық пантеон мәселесі де тақырыптан тыс қалмады.


9 маусым 2017, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.