Атырау, 24 сәуір 15:01
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Солтүстік Корея тағы да зымыран сынады

2 795 просмотра

Көрнекі сурет
Солтүстік Корея бейсенбі күні таңертең елдің шығыс жағалауындағы Вонсан қаласы жанында орналасқан ұшу кешенінен Жапон теңізіне қарай бірнеше зымыран атты деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері. Алдын ала есептеулерге қарағанда, бұл жолы кемеге қарсы қолданылатын зымырандар сыналған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өткен аптада Солтүстік Кореяға қарсы санкция режимін қатаңдатқан. Кеше Оңтүстік Корея үкіметі зымыранға қарсы кешені орнатылатын базаны құрудың мүмкін боларлық салдарына экологиялық сараптама жүргізілетін кезеңде ел аумағына америкалық THAAD зымыраннан қорғаныс кешенін орналастыру уақытша тоқтатылатынын хабарлаған.

Бұл кешенді орналастыру биыл Солтүстік Корея тарапынан зымыранмен шабуылдау қаупі туған соң басталған. Әзірге Оңтүстік Кореяда THAAD кешенінің толық құрамдағы алты құрылғысының екеуі ғана орналастырылды. Дегенмен, Оңүстік Кореядағы АҚШ әскерилері орнатылған кешендер әскери кезекшілік атқарып тұрғанын және солтүстік кореялық зымырандарды қағып түсіре алатынын мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық

8 маусым 2017, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.