Атырау, 19 сәуір 15:58
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алты миллион үшін үш жыл жаза алды

2 650 просмотра

«Жылыойсу» КМК қызметкері екі жыл бойына коммуналдық қызметтер үшін кәсіпорын кассасына түскен ақшаның бір бөлігін иемденіп отырған. Осылайша ол 6,5 млн теңгедей соманы ұрлады.

Жылыой аудандық сотында қызметкер әйелдің кәсіпорында екі жұмысты – кассир мен есепшінің жұмысын қатар атқарғаны анықталды. Тұтынушылар әкелген сомадан аз соманы «Жылыойсу» кассасының кірісіне жазып, ал айырма төлемін өзіне алып отырған. Сөйтіп, екі жылдың ішінде 6 450 000 теңгеге байыған.

«Сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, кәмелетке толмаған төрт баланы тәрбиелеп отырғандықтан қатаң жаза тағайындамауды өтінді», - деп хабарлайды Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот оны ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса ірі мөлшерде иемденiп алу») бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасауға байланысты мерзім 3 жылға қысқартылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 маусым 2017, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.