Атырау, 25 сәуір 08:34
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қазақстанның ұстанымы қандай?", "Халық кедейленген сайын тез алданады", "Әміржан ҚОСАНОВ: Бізде халық – билікке, ал билік – өз халқына сенбейді!", "Ақорда Қытайдағы қазақтардың мүддесін қорғауға неге құлықсыз?!"

2 346 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Президентке өкпелімін...»" - Сонымен, өткен аптада атақты «Феникс» оқиғасына нүкте қойылды. Анығында, «осы көркем фильмді түсіруге мемлекеттен бөлінген 69 млн теңгені жымқырды» деген айыппен сотқа тартылған тоғыз адамға қатысты үкім шықты. Екі жарым айға созылған істе негізгі фигурантқа айналған Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша «сеніп тапсырған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемденіп алғаны немесе талан-таражға салғаны үшін» айыпты деп танып, танымал актерге жеті жылға шартты жаза тағайындады. Бұған қоса, сот (судья Тәкен Шәкіров) Тұңғышбай Жаманқұловқа мемлекеттік органдарда бес жыл басшылық қызмет атқаруға тыйым салды.

"Халық кедейленген сайын тез алданады" - Алматылық студент Сәбит Қылышбек төрт жыл бойы жұмыс істеп жинаған 1 миллион теңгесін өз туыстарынан қалмай Questra Holdings Inc компаниясына салған. Сәбит бұл әрекетін «инвесторлық» деп түсіндіреді. 

AZATTYQ.ORG. "Хандар жатқан «пантеон» насихатқа зәру екенін айтады" - Астанада салынбақ пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды. Ал Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жатқан жүздеген адамның Абылай ханнан басқаларының сүйегі әлі күнге дейін ғылыми негізде зерттелмеген.

"ИМ экстремистері Иранға насихатты күшейтті" - "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қатарына ирандықтарды көбірек тартуға тырысып жатыр. Олар, әсіресе, шииттер көп тұратын Иранда азшылықты құрайтын сунниттерге бағытталған парсы тіліндегі пропаганданы көбейткен.

INFORMBURO.KZ. "Несиесіз де, инвесторсыз да көппәтерлі үй салуға болады" - Астанада 52 тұрғын үй қаңырап тұр. Қашан салынып бітері әлі белгісіз. Одан әбден күдер үзген бір топ астаналық үлескерлер үйлерін өздері көтеріп алды.

365INFO.KZ. "«Сапарбаев мұндайға бармайды…». Мұстафа Шоқайдың суретін өшіруге кім тапсырыс берді?" - Сапарбаев басқаратын Ақтөбе қандай өңір өзі? Мұнда ресейшілдердің саны басым емес пе? Құдай біледі, солай сияқты.

"«Ұқсамайды ғой!». Шоқайдың суретін өшіріп тастаған әкім не деп ақталды?" - Бүгін ғана сайтымызда Ақтөбедегі белгісіз себептермен ағартылып тасталған, өшірілген Мұстафа Шоқайдың суретіне қатысты мақала жариялаған едік (Мұстафа Шоқайдың суретін өшіруге кім тапсырыс берді?).  Жазылған жай біраз жерге жеткен сияқты. Жауабы да жетіпті.

ABAI.KZ. "Әміржан ҚОСАНОВ: Бізде халық – билікке, ал билік – өз халқына сенбейді!" - Сонымен, Әміржан, Ақорда билігі елдегі адам құқын шектеудің жаңа «үлгісін» көрсетті: конституциялық заңдарға өзгерістер енгізіліп, президенттік сайлауға түсетін үміткерлерге қойылатын талаптар қатайды. Мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл қызмет қылмаған адамды бұдан былай президенттік сайлаудан шектеу халықты екі әлеуметтік топқа бөліп, қоғамдағы билік пен халықтың жікке жарылу қаупін еселей түседі деп айта аламыз ба?

"Джеки Чан келді деп Исекешев Астананы Бейжіңге айналдырмақ па?" - Астанаға әлемнің белгілі кино жұлдызы Джеки Чан келді. Құрметті қонақты Елорданың әкімі Әсет Исекешов пен "Қазақстан" ұлттық арнасының директоры Ерлан Карин мырзалар күтіп алды.

QAZAQTIMES.COM. "Қуатжан Аниятов: "Адамның жазуы өзгерсе - өмірі де өзгереді"" - Адам кез-келген бейнені, сөзді қағаз бетіне түсіргендегі жазу ажары – оның жан дүниесінің, таным-түсінігі мен психологиялық жағдайының көрінісі бола алады. Оны ертеден бері адамзат графология ғылымы арқылы дәледеп келе жатыр. Енді Қазақстанда аса танымал емес, бірақ әлемдік тәжірибеде кең қолданылатын графология ғылымы туралы және тек адамның жазуы осындай үлкен ақпаратты қалай бере алатындығы жайлы біле отырыңыз.

"Ақорда Қытайдағы қазақтардың мүддесін қорғауға неге құлықсыз?!" - Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – жаңа ғасырға тәуелсіз мемлекеті бар ұлт ретінде қадам қойған қазақтың ең биік абройы. Дүниежүзі қазақтарының әр реткі құрылтайында, әлемнің әр түкпіріндегі қазақтың бір ғана тарихи отаны Қазақ елі екенін сан рет айттық. Әлемнің әр қайсы елінде де қазақ ұлты өзінің ұлт ретіндегі биік сапасын танытып келеді. Елбасының өзі айтқандай «қай елге барсақ та, қазақтар тыныштықты бүлдіріп жатыр деген сөз естімедік». Тарыдай шашылған қазақтың әр баласы қайсы бір жат топырақта жүрсе де, Қазақстанға деген терең сүйіспеншілігінің бар екеніне көз жұмбаймыз. Оның астарында «Менің Қазақстан деп аталатын тәуелсіз елім, тарихи түп қазығым бар» деген ұлы мақтаныш жатса керек. Әлемдігі қазақтың жүрек түкпіріндегі осы бір мақтанышқа Қазақ билігі қаншалықты лайық? Тәуелсіз Қазақ елі ретінде билік шетелдегі қазақ диаспорасына қаншалықты сұраушы, сүйеуші болды? 

AIKYN.KZ. "Қазақстанның ұстанымы қандай?" - Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен мен Ливия Катар мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзгенін хабарлады. Алғашқылардың бірі боп бұл жаңалықты Бахрейн БАҚ-тары жеткізді. Ресми мәлімдемеде: «Бұл шешім Катар мемлекеті тарапынан Бахрейн корольдігінің қауіпсіздігі мен ішкі жағдайын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер мен ішкі мәселелерге қол сұғу, БАҚ-тарды арандату, лаңкестікті қолдау мен Бахрейнде тұрақсыздықтың орнауын көздейтін Иранмен байланысты топтарды қаржылай демегені үшін қабылданды» делінген. Бүкіл әлемдік ақпарат құралдарының басты жаңалығынан кейін мұнай бағасы көтеріліп үлгерді. Катардың ресми билік өкілдері араб елдері тарапынан жасалған бұл мәлімдемеге өкініш білдірді. 

EGEMEN.KZ"Қар суынан көл жасасақ қайтеді?" - 2004 жылы Астанаға Қазақстан тыңының 50 жылдығын тойлауға жан-жақтан қонақтар келген еді. Солардың арасында жазушы, ғалым, мемлекет және қоғам қай­раткері Федор Трофимович Моргун да болды. Ол жас кезінде Украинадан кел­ген тыңгерлер қатарында Көкшетау облысындағы «Толбухин» кеңшарының ірг­етасын қалап, соның алғашқы директоры болады. Мұнан кейін Павлодар об­лыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыстық партия ко­ми­тетінің екінші хатшысы, Тың өлкелік ауыл шаруашылығы басқармасының бас­тығы, Украинадағы Полтава облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қыз­меттерін атқарады. Ең соңында КСРО Табиғат қорғау жөніндегі мемлекеттік ко­митетінің төрағасы болады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Со­циалистік Еңбек Ері. Көптеген кітаптар жазып, жазушы да атанады. Былайша айт­қ­анда, көп дүниені бастан кешірген мол тәжірибе иесі және жан-жақты білікті адам.



7 маусым 2017, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.