Атырау, 20 сәуір 08:30
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Reuters: Бизнесмендер Ресейден деофшоризация туралы заң кесіренен кетіп жатыр

1 693 просмотра


Ресейлік кейбір кәсіпкерлер деофшоризация туралы заңға байланысты салық резиденті статусынан әдейі бас тартып жатыр. Бұл туралы ресейлік бизнесмендер, заңгерлермен және шенеуніктермен сұхбаттарға сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, Ресейдің салық резидент болудан бас тартқандар арасында Forbes журналы бойынша әлемнің ең бай адамдары тізіміне енген екі бизнесмен бар. Ресей қазынасына салық төлеуден нақты қанша бизнесмен бас тартқаны белгісіз. Reuters-тің дереккөздері Ресейден ірі үш бизнесменнің кетіп қалғанын айтады. Олардың көпшілігі Ресейдің мемлекеттік институттарына сенбейді.

Ресейде деофшоризация туралы заң 2014 жылы қабылданған. Оны президент Владимир Путин ұсынған. Заң салық резиденттеріне "бақылайтын шетелдік компнаиялары" туралы есеп беруді міндеттейді. Заң бойынша, мұндай компаниялардан түсетін табыстан салық төленуі тиіс.

Дереккөз: Азаттық

7 маусым 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.