Атырау, 25 сәуір 14:35
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қарызбен құл қылудың қазақстандық жобасы", "Мансабына қарай моласы...", "Әлеуметтік наразылықты күшпен басу мүмкін бе?", "Қытайдың "қатын алсаң - қазақтан ал" саясаты", "Қазақ уахабшы болған емес"

2 332 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Мансабына қарай моласы..." - Қайбір жылы Түркістанда пантеон ашылып, соның салтанатты жиынында қала әкімі зиялы қауымға қарап: – Міне, киелі Түркістанда да пантеон ашылып жатыр. Алла қаласа, алдағы уақытта барлықтарыңыз осы жерде жатасыздар, – деп елді күлкіге қарық қылғаны бар. Әкімнің аңғал мінезіне, шатты-бұтты сөзіне үйреніп қалған жергілікті халық ұзына бойы темірмен қоршалған қу мекиен далаға бір қарап, басын шайқаған да қойған.

"Бас прокурор «пысық келін» болғысы келмейді" - Өткен аптада еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Прокуратура туралы» заң жобасын таныстыру барысында аталмыш саланы бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген реформа күтіп тұрғанын айтып өтті. Асановтың мұндай қадамға баруына прокуратура қызметкерлеріне жүктелген міндеттің тым ауырлығы мен жүйесіздігі себеп болып отыр. Осының салдарынан еліміздің прокурорлары суперәмбебап қызметкерге айналған. Турасын айтқанда, ала таңнан қара кешке дейін аянбай тырбаңдайтын пысық келіннің кейпіне бір-ақ түскен.

AZATTYQ.ORG. "Әлеуметтік наразылықты күшпен басу мүмкін бе?" - Соңғы аптада алматылық қоғамдық белсенділердің бірі бұрынғы қылмыстық істің негізінде үш тәулікке қамалып, екіншісі ескерту алған. Сарапшылардың ойынша, билік қоғамдағы кез келген белсенділіктен қауіптенуді әдетке айналдырған.

"Хиджап таққаны үшін ғана экстремистер тізіміне алынғандар" - Ресейдің Солтүстік Кавказ өңірі тұрғындары аты-жөндерінің экстремистерді бақылайтын арнайы тізімге енгеніне наразы. Қазір олардың өмірінде тыныштық жоқ.

INFORMBURO.KZ. "Нәпақа айырудың ерекше жолын тапқан мүгедек" - Қайыркенов Темірбектің жасы 57-де, үш баланың әкесі, Қостанай облысының тумасы. Жастайынан бейнеттен көзі ашылмаған ол қағаз қорапты алып-сатумен күн көреді.

365INFO.KZ. "«Театрды жын-ойнақ қылған». Жаманқұловты қаралаған мақалаға кім тапсырыс берді?" - Жаманқұлов бұлай боларын ойлады ма екен? Басына іс түскенде, төңірегі түгел сырт айналарын білді ме? Білмеді, әрине. Әйгілі актер жалғыз қалды, анығында.  

ABAI.KZ. "Қытайдың "қатын алсаң - қазақтан ал" саясаты" - Қытайлар қазақ қызын әйелдікке алуды телеарналар арқылы насихаттай бастады.

"Қарызбен құл қылудың қазақстандық жобасы" - Қазақстанда еңбекке жарамды, экономикалық белсенді тұрғындардың саны 8,5 миллион адам шамасында. Ал олардың тең жарымынан көбі, яғни 5 миллион адам екінші деңгейлі банктерге қарыз. Ең сорақасы сол, жаңағы 5 милллионның 1 миллион 200 мыңы қарызын қайтара алмай жүр. Қарызбен құл қылудың қазақстандық жобасы, яғни, банктердің былық-шылығы туралы осыған дейін де айтылып келген. Жақында «Forte Bank» АҚ мен «Айбол» ЖШС арасындағы тағы бір даулы істің жай-жапсарын адвокат Роза Қожашева мен заңгер Алмас Күнгейбаев бізге баяндап берді.

QAZAQTIMES.COM. "Катардағы жағдай газ тұтынушы елдердің нарығына кері әсер етуі мүмкін" - Катар мен Таяу Шығыс елдерінің дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуі ОПЕК пен оған мүше емес елдер арасында жасалған мұнай көлемін қысқарту туралы келісімге кері әсер етуі мүмкін. Тіпті бұл газ тұтынушы ірі елдердің "бас ауруына" айналып, көмірсутек нарығындағы тұрақсыздыққа әкеп соғады. Мұндай ойды Нью-Йорктегі Navigator Principal Investors LLC қорының басшысы Кайл Шостак (Kyle Shostak) айтқан.

JASQAZAQ.KZ. "Қазақ уахабшы болған емес" - Дін тақырыбы қашан да өткір әрі өзекті. Сондықтан, Алматы сияқты алып шаһар үшін дін мәселесі басты назарда болуға тиіс. Осы орайда, газетіміз Алматыдағы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарайтын имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директорымен сұхбаттасқан еді.

TURKYSTAN.KZ. "Арабия сырт айналған Катарға Қазақстан қалай қарайды?" - Сауд Арабиясы сырт айналған Катарға Қазақстан қалай қарайды, қандай саясат ұстанады? ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Катар Республикасындағы жағдайға қатысты қазақстандық тараптың ұстанымын жариялады. 

6 маусым 2017, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.