Атырау, 18 сәуір 19:27
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жұмысқа қабілетті азаматтар еңбек етпесе, әлеуметтік көмек төленбейді - министр Дүйсенова

3 059 просмотра


Келесі жылдан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі. Соның аясында жәрдемақылар 25 пайызға артады. Алайда аталған көмектің өзіндік шарттары бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа формат аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақылар біріктіріледі. Соның барлығы бір атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілетін болады. Халық құжат машақатынан да құтылады. Үш жерге құжат апарудың қажеті жоқ. Бәрін жұмыспен қамту орталығына тапсыруға болады.

"Сосын бүгінде үш жәрдемақының жалпы сомасы аз қамтылған отбасының әрбір мүшесіне ай сайын 6 396 теңгені құрап отыр. Ал жаңа жүйеде күнкөріс деңгейінің 40 пайыздан 50-ге көтерілуіне байланысты әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы шамамен 2 500 теңгеге артқалы отыр. Осының нәтижесінде атаулы жәрдемақының мөлшері орташа есеппен қазір беріліп жүрген үш жәрдемақыдан 25 пайызға артық болады. Ол үшін келесі жылғы бюджетте 42,8 млрд теңге қарастырылған", - дейді Дүйсенова. 

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің өзіндік шарттары да бар. Отбасыда еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы жұмыспен қамту шараларына (мемлекеттік бағдарламалар аясында оқыту, кәсіби біліктілікті арттыру, жұмысқа тұру, кәсіп ашу шараларына - авт.) қатысуы шарт. Егер ондай адамдар жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

"Алайда кәмелеттік жасқа толмаған балаларға, бала күтімімен отырған аналарға, нақты себептерге байланысты жұмыс істей алмайтындарға әлеуметтік көмек ешбір шартсыз тағайындалып, төленетін болады", - деп атап көрсетті Дүйсенова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

6 маусым 2017, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.