Атырау, 28 наурыз 13:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тайсойған қайтарылуда

2 439 просмотра


Тайсойғандағы көп жылдар бойы ресейлік әскерилер жалға алған жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Телімдерді қабылдау
-беру актісіне қол қойылған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман БӘЖЕНОВ (суретте) хабарлады. Ресейліктер жалға алған 749,6 мың гектар жердің қазір 624,6 мыңын қайтару жүріп жатыр. Қызылқоға ауданы ауыл шаруашылығымен айналысады деп есептеледі, сондықтан бұл жерлерді алдағы уақытта мал шаруашылығын дамыту үшін, дәлірек айтқанда, жайылымдық жерлер ретінде пайдалану жоспарланып отыр. Мен бұрын полигон болған жерге мал жаю қауіпті емес пе деп сұрадым. Алайда Арман Бәженовтің айтуынша, Ресей көп жылдардан бері жерді әскери мақсатта пайдаланбаған екен.

Атырау облысында 12 млн гектардай жер бар, оның 2,5 млн-ы ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылуда (осы 2,5 млн-ның 81%-ы – жайылымдық жер). Бүгінгі күні өзекті проблемалардың бірі пайдаланылмаған жерлерді қайтару болып табылады.

– Жер иелері оны мақсаты бойынша пайдалануға міндетті. Бізде оны көпшілігі қайта сату үшін алады және өз учакелеріне ұзақ жылдар бойына еш құрылыс салмайды және ештеңе екпейді. Бұрын олар қайта сату арқылы телімдерді қайтарудан құтылып кететін. Сөйтіп әрбір жаңа қожайыннан жаңадан есеп алу басталатын. Енді пайдаланылмаған жер анықталған жағдайда оны қайта сатуға тыйым салынады, - деп мәлімдеді А.Бәженов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

5 маусым 2017, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.