Атырау, 19 сәуір 05:33
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақтөбедегі қарулы шабуылға бір жыл толды

2 348 просмотра


5 маусымда Ақтөбеде бірнеше адам қаза тапқан қарулы шабуылға бір жыл толды. 2016 жылы осы күні Ақтөбеде бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери бөлімді басып алмақ болған.

Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыс кезінде жеті адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланды. Билік шабуылды теракт деп атап, қалада террористік қауіп-қатердің жоғарғы "қызыл" деңгейі жарияланды. Шабуылдан кейінгі алты күндік операцияда билік "дәстүрлі емес радикалдық діни ағымның" мүшелері деп атаған 20 шақты адам ұсталып, 18 адамның көзі жойылды.

Шабуылдан соң елде террористік қауіп-қатердің қалыпты "сары" деңгейі жарияланып, ол кейін бірнеше рет ұзартылып, биыл қаңтарда ғана жойылды.

Былтыр 28 қарашада Ақтөбе облыстық сотында қарулы шабуылға қатысты 29 адамға үкім шықты. Қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімді басып алуға тікелей қатысты деп айыпталған жеті адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Басқа айыпталушылар түрлі айыптармен екі жылдан 22 жылға дейін сотталды. Бір адам қылмысты жасырды деген айыппен төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Биыл қаңтарда апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырды.

Дереккөз: Азаттық

5 маусым 2017, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.