Атырау, 25 сәуір 12:47
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Лондондағы шабуылдардан кемінде алты адам қаза тапқан

2 452 просмотра


Жексенбіге қараған түні Лондон орталығында жасалған екі шабуылдан кемінде алты адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Полиция шабуылдарға күдікті үш адамды атып өлтірген. Бұл туралы британ полициясына сілтеме жасап халықаралық агенттіктер хабарлады.

Лондон көпіріндегі шабуылдың куәсі болған ВВС тілшісі Холли Джонс қатты жылдамдықпен келген ақ түсті жүк көлігі көпір үстімен кетіп бара жатқан жаяу адамдарды басып өткенін айтады.

Бұдан кейін көпірге жақын жердегі Боро базары қасында көліктен түскен белгісіз біреулер көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл екі оқиғаны теракт деп атаған. Кейін Скотланд-Ярд көлік және пышақпен шабуылға күдікті үш адамды полицияның атып өлтіргені туралы хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, күдікті үшеуі де денесіне «жанкешті белдігіне» ұқсайтын зат тағынған, бірақ артынан олардың жарылғыш зат емес екені анықталған. Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі денесіне белгісіз зат байланған ер адамның жерде жатқан суретін жариялаған.


Сонымен бірге Воксхолл ауданында да пышақпен шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен. Бірақ кейін полиция ол оқиғаның алдыңғы екі шабуылға қатысы жоқ деп мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық


4 маусым 2017, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.