Атырау, 24 сәуір 15:00
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"«Расул халық жауы болса, мен де жаумын!» — Айдос Сарым", "Елбасы "ұлтшыл" ма?", "Қарт саясаткердің ақырғы аманаты", "Трамптың климат келісімінен шыққанын жаппай сынады", "Алға, Қазақстан!" және гей-парад"

2 606 просмотра

ZHASALASH.KZ. "250 млн доллар салымды жылап та қайтара алмайтын сияқтымыз" - Әзірбайжан асқан ақшамыздың тағдыры таяу арада шешілмейтін секілді. Мұны біз апта басында үкіметте өткен жиын барысында аңғардық. Осы басқосуда қаржы министрі Бақыт Сұлтанов зейнетақы активінен алынған 250 млн доллар көлеміндегі салымды қайтарудың үш жолын атады.

"Статистика мен саудагердің есебі екі бөлек..." - Статистика дегеніңізге соңғы уақытта жұрт сенуден қалды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ауданда орташа жалақы 118 мың теңгеге жеткенін мәлім етті. Журналистер жағы осы мәліметтің қаншалықты шындыққа жанасатындығына қызығып, тереңірек қазбалап сұрап көрді. 

INFORMBURO.KZ. "Астанадағы №67 мектептің директоры ұстаздардан 1 млн теңге моральдық шығын талап етіп отыр" - Директор талап арызында 13 мұғалімді көрсеткен. Олар кеше баспасөз мәслихатын өткізді. Әльфия Мұсаеваның өзі сырқаттанып қалған, қатысқан жоқ.

AZATTYQ.ORG. "Трамптың климат келісімінен шыққанын жаппай сынады" - Одақтастары мен бәсекелестері АҚШ президенті Дональда Трамптың 2015 жылғы Париж климат келісімінен шығу туралы шешімін сынап, оның келісімді қайта жасау туралы ұсынысын шетке ысырды.

"Каримовтің мүсінін одан жапа шеккен шебер сомдамақ" - Өзбекстан билігі елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткішін сомдауды кезінде оның қырына іліккен мүсінші Илхом Жаббаровқа тапсырып отыр.

365INFO.KZ. "«Расул халық жауы болса, мен де жаумын!» — Айдос Сарым" - «Соңғы бірнеше күн ішінде досым, әріптесім Расул Жұмалыға қарсы кешенді шабуыл жасалуда. Соған орай, өзімнің көзқарасымды білдіргім келеді», деп жазды Айдос Сарым.

"«Нациспін, қайтесің енді?». Журналист Ләззат Сақиева шындықты естіді" - Кеше көрдік. Қазақ тарихындағы ескерткіштер тақырыбына арналған шарада «Рика» арнасы Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Фархад Досмұратовтан сұхбат алыпты. Тілші орыс тілде ақпарат алуға ниеттенген кезде Фархат Досмұратов орысша сұхбат беруден бас тартқан.

ABAI.KZ. "Елбасы "ұлтшыл" ма?" - Ақтөбелік журналист тек қана қазақша сөйлеген мемлекеттік қызметкердің ұлтшыл екенін айтып, елді дүрліктіріп жатыр.

"АҚШ елшілігі. "Алға, Қазақстан!" және гей-парад" - Ақпарда АҚШ елшілігі бас болып, бірсыпыра елшіліктер мен ұйымдар Халықаралық гомофобия, трансофобия және биофобияға қарсы күрес күнін атап өткені жазылған.

TURKYSTAN.KZ. "Қарт саясаткердің ақырғы аманаты" - Өмірден қанша ақылман өткен. Оның ішінде, Америка сияқты азуын Айға білеген алып елді басқарған президенттердің талай-талай ділмәр кеңесшілері болған. Бірақ солардың ішінде әлемдік тұрғыдағы ақылман деңгейіне дейін өсіп, өмірі де, өлімі де елеулі болғаны некен-саяқ. Збигнев Бжезинский сондай саяқтардың қатарынан. Оның өмірі Тарихтың шежіресіндей еді, енді өлімі Тұтас Дәуірді қорытындылағандай болды.

"Алтын ұямен қоштасу: ұлан-асыр той жасаудың жөні бар ма?" - Мектептегі соңғы жылдарын тәмамдаған түлектер алдағы ұлттық бірыңғай сынаққа барын салып дайындалуда. Маусым айының соңына дейін мектеп түлектері барлық сынақтарды аяқтайды. Сөйтіп, қолдарына аттестаттарын алған жеткіншектер бітіру кешін ұйымдастырады. Қазіргі уақытта шәкірттердің басты уайымдары – алдағы тестілеу болғанымен, бітіру кешіне деген әзірлік оқу жылы аяқталмай жатып-ақ пысықталып қойылғаны бесенеден белгілі. Өмірдің жаңа бір кезеңіне аяқ басқан түлектердің қуанышымен бөліскен орынды да шығар. Бірақ оны ұлан-асыр тойға айналдырудың жөні бар ма?

QAMSHY.KZ. "«Атажұртқа барсақ ақшамды тартып алады» деп үрейленетін қандасқа кеңестер" - Майқапшағай кеден бекетінде контрабанда деген күдікпен ақшасы алынып қойған Гүлжан Мәуітханның ісі кедендік заңның солқылдақ екенін паш етті. Ақшасынан айырылып қалған ананы қоғам жалғыз қалдырған жоқ, қалың ел болып демеп, әлеуметтік желіде де үлкен қолдау көрсетті.

"ҚР азаматтарына қарсы Қытай үкіметі жасап жатқан заңсыздыққа түсініктеме сұраймыз!" - Қамшы ақпараттық агенттігінде 31 мамырда «Кейбір азаматтар Қытайға кеткен туыстарының негізсіз қамалып, оралмай жатқанын айтады» атты материал жарық көріп, қатты талқыланды. Онда құжаттық қиындық көрген бірнеше ондаған азаматтың Қытай билігі делегациясымен елшілік арқылы сөйлесіп, базынасын жеткізбек болғаны айтылған. Қоғам белсендісі Еркін Бейсекей осы мәселеге Қазақ билігінің де араласып, Қытай тарапынан ресми түсініктеме алуын талап етеді. Өйткені Қытайдағы заң бұзушылықтар тіпті Қазақстан азаматының төлқұжатын тартып алуға дейін жеткен.


2 маусым 2017, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.