Атырау, 24 сәуір 14:11
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«СК-Фармация» инсулин тапшылығына қатысты түсінік берді

1 588 просмотра


Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС инсулин тапшылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бірнеше рет өткізілген сатып алу рәсімдеріне қарамастан, әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін болмауына байланысты Бірыңғай дистрибьютор қант диабетімен ауыратын адамдар үшін дәрі-дәрмектерді сатып ала алмады», - деп мәлім етті компания. Осыған байланысты, «СК-Фармация» ЖШС-ы жағдайды түзету үшін жедел шаралар қабылдаған.  

«Осылайша, компанияның өз қаражатына құрылған қант диабетімен ауыратын адамдар үшін дәрілерде кіретін дәрі-дәрмектің төмендемейтін қоры пайдаланылды. Осы дәрілік заттар өткен жылдың желтоқсан айында үлестірілді. Бұл қазақстандықтарды осы жылдың басында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деп хабарлады компания баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне шешім қабылдау үшін хат жолдады, атап айтқанда, сатып алу бағасын арттыру үшін. 

«Уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін түзетулер енгізілді және дәрілік затты сатып алу процесі басталды, сатып алу процесінің аяқталысымен, препарат барлық республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының жеткізілетін болады», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, сатып алуды ұйымдастыру мен жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, есірткі, осы препараттармен  пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, барлық аймақтардың денсаулық басқармаларына препараттың екі айлық қажеттілігін сатып алу құқығы берілді. 

2017 жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша Алматы, Шығыс Қазақстан және ішінара Қарағанды облысында қант диабетін емдеу үшін «Гларгиннің» (инсулин) препараты сатып алынды. Бірнеше аймақтарда «Диабет» бағдарламасы бойынша өтініш берілді. Бұл мәселені тезірек шешу үшін барлық мүдделі тараптармен қарқынды келіссөздер жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 маусым 2017, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.