Атырау, 19 сәуір 16:30
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақтөбеде үш жасөспірім бір топ адамның көз алдында суға батып кетті

Бейнежазба
2 979 просмотра


1 маусымда Ақтөбенің Сазды өзенінде үш жасөспірім суға батып кетті. Оқиға 12-ші ықшамаудандағы "Нұр ғасыр" мешітінің маңында болған. Бұл туралы мәліметті Ақтөбе облыстық ТЖД сайты хабарлады. 

Қайғылы оқиға қаланың орталығында жұрттың көз алдында болған. Ведомство ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды және осы мысалды келтіре отырып, шомылуға болмайтын жерлерде суға түсуге рұқсат етілмейнін түсіндіруді сұрап отыр. 

"Ақтөбе тұрғындары мен қонақтарын күннің жылынуына қарамастан, судың әлі де жылынбағанын, сондықтан дене тартылып қалатынын ойлауға шақырамыз. Балалар ересектердің бақылауында ғана шомылуы тиіс. Оларды көзден минутқа болса да тасада қалдырмау керек. Суға тек 25°С температурасында ғана түсуге болады", - делінген хабарламада. 

Ал zello.aktobe және aktobe_zello парақшаларында қайғылы оқиғаның суреттері мен видеолары таралды.


Дереккөз: Тengrinews.kz 


2 маусым 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.