Атырау, 28 наурыз 14:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Кінәлілер жазаларын алды

3 475 просмотра


Атырау облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты биылғы жылдың 6 ақпанында «Флория» кафесінің жанында орын алған қатыгездікпен адам  өлтіру ісі бойынша үкім шығарды.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 22 жастағы екі тұрғынына айып тағылды. Сот алқа билердің қатысуымен жүргізілді.

Іс материалдарына сүйенсек, қараңғы түнде жас жігіттер Е.А. мен А.Б. кафеден ішімдік ішкен. Е.А. бір нәрсеге ашуланып, заттарды лақтырып, қоқыс шелегін сындырып тастайды. Содан соң екеуі кафеден шығып кетеді, бірақ кешікпей кері оралады, сол кезде жанжал туындайды. Кафе қызметкерлері сынған шелекті төлеуді талап етеді. Кафеге келуші К.Н. (ол бұрын бұл кафеде күзетші болып жмұыс істеген) персоналды жақтап, жанжалға араласады. Олар үшеуі сыртқы аулаға шығып, екі бұзақы К.Н.-ны соға бастайды. Содан кейін А.Б. оған бірнеше рет пышақ салады. Зардап шегуші есін жимастан сол жерде көз жұмады. Мұның бәрі бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, екі сотталушыға қатысты алқа билер «кінәлі» деген үкім шығарды. ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-тармағының 7-тармақшасы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам өлтіруі») бойынша А.Б. қатаң режимдегі колонияда 19 жылға, Е.А. 16 жылға бас бостандығынан айыру жазаларын алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 маусым 2017, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.