Атырау, 19 сәуір 05:03
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ғасыр құрылысы»

3 190 просмотра


Көктемнің ортасында арбадағы мүгедектер қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне кіретін пандусты алып тастаған еді. Қазір пандусты қайта салу жұмыстары жүріп жатыр, алайда оның қашан аяқталатыны белгісіз.

Бұл жағдайдың оғаш екенімен келісетін шығарсыз. Арбадағы мүгедектер мен балдақпен жүруге мәжбүр болған жандар жиі баратын мекеменің бүгінде пандусы жоқ. Бұрын бұл құрылым қолайлылығымен ерешеленбесе де, өз қызметін атқаратын.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінен тікелей бұл туралы біле алмадым, қалалық әкімдікке жазбаша жүгінуге тура келді.


Нәтижесінде мынадай жауап алдым: «ҚР үкіметінің 16.01.2012 жылғы №64 қаулысына және еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 17.08.2012 жылғы №143 қаулысына сәйкес, әлеуметтік инфрақұрылым нысанына қолжетімділік төлқұжаты жасалды. Атырау қаласы әкімінің 10.04.2014 жылғы №332 қаулысымен мүгедектер үшін қолжетімділіктің сақталуы тұрғысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеу (төлқұжаттау) жөніндегі ведомостволық комиссия құрылды. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөліміндегі пандустың параметрлері қолжетімділік төлқұжатына сай келмейді, сондықтан оны қайта салып жатыр».

Оның қашан аяқталатыны, барушы мүгедектердің ғимаратқа қалай кіре алатыны туралы бірде-бір сөз жоқ.

Біздің байқағанымыздай, пандусты бұрынғы орнына салу жоспарланған. Ол ғимараттың бүйір жағындағы сәл жоғарыда орналасқан есікке қарай салынады. Демек, оны салуға қатысты ерекше проблема туындамауы тиіс. Дегенмен де, жұмыстың аяқталу уақыты белгісіз күйде қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

1 маусым 2017, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.