Атырау, 28 наурыз 19:39
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Туберкулезге шалдыққандарға көмек

2 640 просмотра


Амбулаториялық емдеу кезінде туберкулезге шалдыққан науқастар 10 АЕК (22 690 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек алуға құқылы. Есептеу жыл басынан бері жүргізіліп келеді, алайда төлем тек мамырда ғана төлене бастады.

Сөйтсек, аудандарда бұл ақшаларды өткен жылдан бері алып жүр екен. Бұл туралы білген соң облыс орталығының тұрғындары «АЖ»-ға хабарласа бастады. Олар бұл көмек туберкулезге шалдыққан науқастардың барлығына тиесілі ме және Атырау тұрғындарына неліктен әлі күнге дейін берілмей отыр деп сұрайды.

- Әлеуметтік көмек - жол ақысы мен қосымша тамақ алу үшін тек амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға ғана тиесілі. Стационардағы пациенттер оны ала алмайды, өйткені стационарды мемлекет қамтамасыз етіп отыр, - дейді туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Әлия НҰРЖАНОВА. – Емханаларда амбулаториялық ем алып жүргендердің тізімі бізге келіп түседі, ал біз оларды қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне жібереміз. Біз мұны жыл басынан бері жасап беріп жүрміз. Менің білуімше, аудандық мәслихаттар төлемдер туралы өткен жылы шешім қабылдады. Сол кезде пациенттер де ақша ала бастады. Атырауда қандай әдіспен көмектескен жөн екенін – ақшамен бе, әлде азық-түлік себетімен бе, бірден шеше алмағандықтан құжатқа қол қою созылып кетті.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі біздің жазбаша сауалымызға былай деп жауап берді: «Атырау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 сәуірдегі №111 шешіміне сәйкес, тубекулездің түрлі формасына шалдыққан науқастарға амбулаториялық ем алу кезеңінде 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмек емдеу мекемесі ай сайын ұсынып отыратын тізімдердің негізінде берілетін болады».

Телефонмен сөйлескен кезде мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі Анар ЖЕҢІСОВА менің нақтылаған сұрақтарыма жауап берді. Мәслихаттың шешімі сәуір айында шыққан, алайда ақша жыл басынан бері аударылып келеді. Атырауда мамырда (соның ішінде, қаңтар-сәуір) төлене бастаған. Әрі қарай төлемдер ай сайын төленетін болады. Алайда медицина мекемелерінің тізімі жеткіліксіз – алушылар өз тарапынан «Қазкоммербанктен» есепшот ашып, қалалық жұмыспен қамту бөліміне бұл туралы банк анықтамасын ұсынуы тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 маусым 2017, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.