Атырау, 28 наурыз 20:11
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Анықтама тиесілі

3 906 просмотра

 – Күйеуім Теңіз кенішінде жүргізуші болып жұмыс жасайды. 5 баламыз бар. Бір баламыз – мүгедек (жүрегі ауырады). Мен еш жерде жұмыс жасамаймын, балаларымды қараймын. Балаларымның біреуі - бірнеше айлық сәби. Табыс салығы бойынша төлемдерді азайту үшін күйеуім жұмысының есеп бөліміне өтініш берді. Ондағылар әйелінің жұмыс жасамайтыны туралы анықтама сұратып отыр. Жұмыспен қамту орталығында мұндай анықтаманы беруден бас тартты, өйткені, мен формалды түрде декреттік демалыстамын. Сондықтан маған анықтама тиесілі емес екен. Жұмыспен қамту орталығынан есеп бөліміне қоңырау шалып, неліктен анықтама берілмей отырғанын түсіндірді, алайда, есеп бөліміндегілер анықтама талап етіп отыр. Есеп бөліміндегілердің талабы дұрыс па, дұрыс болмаса, олардың анықтама талап етуі қандай заңдарға қайшы келеді?

Телефон арқылы

Адвокат Гүлсім САБЫРОВАНЫҢ пікірінше, бұл жағдайда жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің әрекеті дұрыс емес. Декреттік демалыста болу – автоматты түрде жұмыс жасайтын немесе жасамайтын әйел мәртебесі беріледі деген сөз емес. Сәби босанған жұмыс жасайтын және жасамайтын әйелдер жүктіліктері мен босануларына байланысты бір мәрте берілетін төлемді түрлі сомада алады. Сонымен қатар, жұмыс жасайтын және жасамайтын әйелдерде бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы (бала жәрдемақысы) мөлшері де әртүрлі. Бұдан басқа, жұмыс жасамайтын әйелдер үшін – жүктілігі мен босанғаны үшін бір мәрте әлеуметтік жәрдемақы, сонымен қатар, бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы мемлекеттік бюджеттен төленеді. Соған сәйкес, әйелдің жұмыссыз екендігі туралы анықтама оған тиесілі болады.

1 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.