Атырау, 28 наурыз 13:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт инспекторлары болғысы келетіндер көп

2 518 просмотра


Биыл Атырауда алаңы 20х40 метр болатын 4 спорттық-ойын алаңы салынатын болады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Ардақ ЖУАСОВ хабарлады.

Алаңдар Еркінқала ауылдық округінің әкімдік ғимаратының жанына, С.Датов көшесінің бойындағы 15-үйдің қасына, Балықшы-Жұмыскер көпіріне жақын маңдағы Байжігітов көшесінің бойындағы 84-үйдің қасына, Привокзальный, 5-ші ықшамаудандағы №22 және 23 үйлердің араларына салынатын болады. Әрқайсысына қалалық бюджеттің 12 млн теңгесі жұмсалады. А.Жуасовтың айтуынша, мердігер - «Жолаушы Жол» ЖШС жұмысқа кірісіп кеткен.

Ал Атырауға өткен жылдары салынған 48 алаң нашар күйде. Бұл туралы «Мұнайшы» спорт клубы» КММ директоры Алмас ИМАШЕВ хабарлады:

Қазір «Мұнайшы» СК балансына оларды қабылдау-беру процесі жүріп жатыр. Олардың тек сегізінде ғана қақпа бар, көбінде жарықтары мен газон төсемдері жоқ. Бәрін ретке келтіреміз. Әімдікте ағымдық жөндеу жүргізуге қаржы бөлуге уәде берді. Жөндеген соң, сақталуына жауапты қылып спорт инспекторларын тағайындаймыз. Бізге бұл үшін 15 штат бірлігін бөлді. Олардың аты-жөндері мен ұялы телефон нөмірлері жазылған тақтайшаларды ілеміз.

А.Имашевтің айтуынша, қазір штатқа 15 инспектордың 8-і қабылданған. Жалақысы – 59 мың теңге. Ниет білдірушілер көп екен.

- Алаңдарды толықтай толтырамыз. Жазғы каникулда «Мұнайшы» СК Кубогына миним футболдан, волейболдан, гандболдан аула командалары арасында турнирлер мен шығыс жекпе-жектері бойынша көрсетпе жарыстардың күнтізбесі әзірленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 мамыр 2017, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.