Атырау, 25 сәуір 00:17
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Геноцид (немесе миллиондаған қазақты аштан қатырған қызыл империя саясаты)", "Валерий Михайлов: бүгінгі қоғам ашаршылықтың қасіреті мен зардабын әлі толық түсінген жоқ", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!", "Кедейлерге салық салмақшы..."

3 725 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қарлаг балалары мен тұтқын әйелдер бейітіндегі темір қазықтар" - Елдің орталық бөлігіндегі «Карлагқа» қатысты орындардың бірі - «Мамочкино бейітін» бірыңғай мемориалды кешен құрамына енгізуді ұсынады. Экскурсия жүргізушілер мен жергілікті тұрғындар Карлаг балалары мен тұтқын әйелдер жерленген орынды сақтап, абаттандыратын шығар деген үмітпен әлгі идеяны құптайды.

"НКВД қудалаған Оразмағамбеттің тағдыры белгісіз" - 1930 жылдары қазақтардың Маңғыстаудан Иранға көшуіне себепші болған, кейін советтік жазалау мекемесі ату жазасына кескен Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің Түркіменстан түрмесіндегі тағдыры белгісіз күйінде қалды.

"10 жасар баланың «Шекспирге бола тұтқындалуы» жұртқа әсер етті" - Полицейлердің Мәскеудің орталығында өлең оқыған баланы күшпен алып кетуі халықтың ашуын туғызды. Кейбіреулер «бұл оқиғаның билік үшін үлкен салдары болуы мүмкін» деп болжайды.

ZHASALASH.KZ. "Валерий Михайлов: бүгінгі қоғам ашаршылықтың қасіреті мен зардабын әлі толық түсінген жоқ" - Валерий Михайлов – ақын, жазушы. 1931-33 жылдары большевиктердің қолымен қасақана ұйымдастырылған алапат ашаршылық туралы жазылған «Ғаламат жұт шежіресі» деректі кітабының авторы. 1990 жылы мамыр айында жарық көрген кітапты сол жылдары Талғат Айтбайұлы қазақшаға аударып, кітап етіп бастырған. Қазақты көктей орып түскен ашаршылық жайлы алғашқы кітап көзіқарақты жұртқа кең танылып, жақсы баға алған. Сөйтіп, бұл кітап 13 рет қайта басылым көріп, неміс, ағылшын тілдеріне аударылған. Демек, «Ғаламат жұт шежіресі» деректі кітабына қажеттілік уақыт өткен сайын артып келеді деген сөз. Мұндай болатын тағы бір себебі – аталған кітап ашаршылық турасынан жазылған әзірге жалғыз деректі кітап. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында біз Валерий Михайловпен арнайы сұхбаттасқан едік.

"«... президенттік сайлауға қатыстырмаудың жолы»" - Өткен аптада мәжіліс «Сайлау туралы» конституциялық заңына енетін өзгерістер туралы заң жобасын мақұлдаған еді. Соған байланысты газетіміздің алдыңғы санында «Қазақстанда президент сайлауы «жекешелендіріле» ме?» деген тақырыппен мақала шыққан еді. Біз осы тақырыптың төңірегіндегі талқылауды жалғастырып, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевамен әңгімелескен едік.

"Кедейлерге салық салмақшы..." - Кейде осы біздің биліктің немен айналысып, не істеп жүргенін білмей дал боласың. Бар жұмысы жауырды жаба тоқып, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай» ғып көрсету ме деп те қаласың. Әйтпесе жүз мыңдаған шенеунік айналдырған 17 миллион халықтың не істеп, қалай күнелтіп отырғанын нақты санымен білмес пе еді? Мәселен, Қазақстанда шенеуніктер ойлап тапқан «өзін-өзі жұмыспен қамтитындар» дейтін сөз бар. Осы сөзді оқып отырып күйіп кетесің. Теңгесі долларға, экономикасы мұнайға тәуелді, жемқорлық пен қымбатшылық жайлаған елде қандай адам өзін-өзі қамдап, бай-қуатты өмір сүруі мүмкін?

INFORMBURO.KZ. "Бөгенбай батырдың жоғалды деген дулығасы табылды" - Батыр бабамыздан қалған қару-жарақ, әбзелдерді ұрпақтарының қызылдардан қалай жасырғаны туралы әңгіме көп. Жоғалды деген дулығаны бір шөбересі сақтап отыр екен.

BAQ.KZ. "ЕХРО-2017: Қазақстан әлемді несімен таңғалдырады?" - Тойдың боларынан боладысы қызық демекші, Астана қазір ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қызу дайындалып жатыр. Халықаралық шараның басталуына небәрі он шақты күн қалды. Қонақтарды күтіп алатын әуежай мен темір жол вокзалынан бастап, қаладағы жолдар, ғимараттар түгел жөнделіп, жаңалары тазаланып жатыр. Қонағын құдайындай сыйлайтын халық екеніміз баршаға мәлім, ертең шетелдіктер келгенде Қазақстан туралы, қазақтар туралы теріс пікір қалыптаспау керек.

ABAI.KZ. "Ресейлік дипломаттарға тексеру жүргізу керек" - Молдова мықты шықты дейміз. Бұл жолы пост-кеңестік кеңістіктен керегесін бөлек құрған Молдова Ресей елшілігінің бес бірдей дипломатын депортациялады.

"Геноцид (немесе миллиондаған қазақты аштан қатырған қызыл империя саясаты)" - Қазақтың аяусыз қырғынға ұшыраған аса қасіретті, тарихи қаралы кезеңі, ұлт ретінде тұтастай жойылып кету қауіпі төнген ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қызыл империя ұйымдастырған “аштық саясат” (Мұстафа Шоқайұлы) – нәсілшілдік геноцид. Мұстафа Шоқайұлы айтқандай, қазақ ұлтын “коммунистің “балғасымен” жаншып, “орағымен” орып тастау” көзделді.

TURKYSTAN.KZ. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!" - Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының бұрынғыдай беделі бар ма? Былтыр Сирияда 19 журналист көз жұмған, оның сыртында іс-түссіз жоғалғандары қаншама. Соғыс қимылдары жоқ аймақтарда да журналистерге кедергі көп. Жалпы, қазіргі таңда әлемдегі журналистиканың жай-күйі қандай? Сұрақтың жауабын табу үшін БАҚ-ты төрт критерий бойынша зерделеп көрген едік. Әуелі халықаралық рейтингтік агенттіктердің мәліметіне сүйене отырып, сөз бостандығы, тілі мен қауіпсіздігі, сауаты жөнінде бірер мысал келтіргенді жөн көрдік.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Ойлан тап: теңге неліктен қарқынды нығаюда?" - Қазақстандық экономистер 22 мамырда 2015 жылғы деңгейіне жеткен ұлттық валютаның нығаюына қарама-қайшы баға беріп отыр.

AIKYN.KZ. "Нотариустар налып, қорғаушылар қуанады" - Жақын арада толық жойылып кетпегенімен, нотариустардың нәпақасы мен клиенттерінің саны азая беретін болады. Кеше Мәжілісте өткен «Үкімет сағатында» Әділет министрі Марат Бекетаев осы кәсіп иелерінің болашағы үшін тым тұнжыраңқы болжам жасады. Жиында «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» мәселелері талқыға салынған еді.



30 мамыр 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.