Атырау, 25 сәуір 00:25
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Түркіменстанда «гүленшілерге» қатысы бар делінген елуден астам адам ұсталды

2 418 просмотра

Түркіменстанның Лебап облысында соңғы бір айда «гүлендік қозғалысқа» қатысы бар делінген елуден астам адам тұтқынға алынған. Түркіменстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөз арнайы қызмет сәуір айының аяғында аймақтарда ірі рейд жүргізді дейді.

Оның сөздерінше, түрік лицейінің мұғалімдері мен барлық түлектері ұсталған. «Түнгі сағат ондар шамасында №2 мамандандырылған мектептің мұғалімдері тұратын жатақханаға басып кірген. Сол түні жеті мұғалім мен үш қонақты алып кеткен. Келесі күні тағы келіп, екі мұғалімді тұтқындаған. Ал Атамырат қаласында білім орталығының төрт қызметкерін ұстап алып кетті»,- дейді аты-жөнін айтуды жөн көрмеген дереккөз.

Бұл ақпаратты билік құрылымында істейтін шенеуніктің бірі растаған. Оның сөздерінше, 23 сәуірден бері Лебап қаласында бірнеше рет «гүленшілерді» ұстау операциясы жүрген. Ол қуғын-сүргіннің жаңа түріне кәсіпкерлер, танымал тұлғалар, ағарту ісінің мамандары ілінді дейді.

Түркия билігі ислам дінін насихаттаушы Абдуллах Гүленді елге төңкеріс жасамақ болды деп айыптап, оған қатысы бар делінген барлық азаматтарды жаппай тұтқындап жатқан кезде, түркімен билігі де «гүленшілерге» қарсы іс қозғаған. Түркіменстанда осы күнге дейін бар-аяғы 150 адам ұсталған. Олардың бірқатары тергеуден кейін босатылса, енді бірі ұзақ мерзімге түрмеге жабылды.

Дереккөз: Вaq.kz 

30 мамыр 2017, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.