Атырау, 29 наурыз 05:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ зымыран сынағына жауап беру үшін Корей түбегіне үшінші авиаматкасын жіберді

1 800 просмотра

Фото: Planet Minecraft
Осыған дейін АҚШ-тың ұшақ тасымалдағыш екі алып кемесі Тынық мұхитының батыс жағалауында жүргені мәлім еді. Аты шулы «Карл Винсон» авиаматкасы туралы бүкіл әлемдік ақпарат көздері жақсы білсе керек. 

Ал жақында АҚШ жақ өзінің үшінші алып авиаматкасын осы Корей түбегіне жақын Тынық мұхит алабына қарай жіберді. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігі Кореяның «Yonhap» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. «Yonhap» агенттігі дүйсенбі күні АҚШ-тың алып авиаматкаларының бірі USS Nimitz атты ұшақ тасығыш кемесін Корей түбегіне жақын аймаққа жібергенін хабарлады. Салмағы 97 тонна келетін кеменің ұзындығы 333 метр. Кеме ядролық реакторы бар әлемдегі ең ірі соғыс кемесінің бірі болып саналады. Бұл кеме осыдан бұрында АҚШ-Корей бірлескен «Күшіген» әскери оқу-жаттығуына қатыстырылған болатын. Кеше таңертең Солтүстік Кореяның зымыран сынағын жасауына қарсы жасаған АҚШ теңіз күштерінің жауабы болса керек.

Сарапшылардың айтуынша АҚШ-тың ұшақ тасығыш үш бірдей кемесінің даулы аймаққа бірдей жіберілуі өте сирек кездесетін жағдай деп отыр.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

30 мамыр 2017, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.