Атырау, 20 сәуір 03:33
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Зейнетақы қорындағы халықтың қаржысын Әзірбайжан банкіне берген кім?", "Ардабек Солдатбай: «Нацпаттармен» саудаласуға болады", "«Жуас түйені жүндей беру» де саясаткерлік пе?", "Познердің "Ресейді дінилендіру қаупі" жайлы пікірі"

3 515 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Познердің "Ресейді дінилендіру қаупі" жайлы пікірі" - Азаттықтың Орыс қызметінің «Христиан көзқарасы» бағдарламасы Ресей тарихында Орыс православие шіркеуінің атқарған рөліне арналды. Журналист әрі тележүргізуші Владимир Познер осы тақырыпта Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берді.

"WannaCrypt бопсалаушы вирусы тоқтатылды, бірақ қатер әлі бар" - Әлемнің 150 еліндегі компьютерлерге шабуыл жасаған WannaCrypt бопсалаушы вирусын екі энтузиаст бар-жоғы 11 доллар жұмсап «кездейсоқ» тоқтатты. Әлгі ақша зиянкес кодына «тігілген» доменді тіркеуге жұмсалған.

ZHASALASH.KZ. "«Ереуіл атқа ер салмай»" -Өткен аптада былтыр өз жұртымыз бен қалған дүниені дүр сілкіндірген жер митингілерінің өткеніне бір жыл толды. Атаулы дата. Бірақ оны атап жатқан билік жоқ. Оның арты қуыс қой. Осы уақыт ішінде не өзгерді? Ештеңе де өзгере қойған жоқ.

INFORMBURO.KZ. "Шығыстан Бай Өлкеге төте жол ашылса, Қазақстанда ет бағасы арзандайды" - Қазақстан мен Моңғолияның ортақ шекарасы жоқ. Екі елдің шекарасын байланыстыратын төте жолдың қашықтығы небары 57 шақырым. Бірақ ол – жабық. Сол жерден төте автокөлік жолын салу мәселесі 1992 жылы көтерілгенімен, әлі іске асқан жоқ. Қандастарымыз ата жұртқа 1500 шақырымды айналып, Ресей арқылы жетуге мәжбүр.

365INFO.KZ. "«Путин мойындар ма екен?». Танымал саясаттанушы биліктегі Ресей агенттерін айтып салды" - Сонда кім орысшыл? Ол орысшылдар қайдан шыққан? Алматыда көше қазақтарының жартысы орысша сөйлейтіні рас па? Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында саясаттануы Әзімбай Ғали жазыпты.

"«Ақшаны қайдан алатындарын да білем». Questra-ның артында кімдер тұр?" - Қаржы пирамидалары халықтың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, күреп ақша тауып жатыр. Ондайлар өте көп. Демек, жеке тұлғаны банкрот қылу үшін бізде әлдеқашан шабуыл басталып кеткен.

ABAI.KZ. "Ардабек Солдатбай: «Нацпаттармен» саудаласуға болады" - Кейбір нацпаттар парламент депутаты болуға дайындала бастапты». Жақында журналист Ардабек Солдатбай  өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында осылай деп жазды.

"Батыр атағы бұйырмаған азамат" - Ұлы Отан соғысы жылдарында аспандағы айқаста біздің ұшқыштардың ерлігі аңыз болғаны рас. Олар фашистердің ұшақтарын мергендіктің арқасында талайын атып түсіріп, шебер ұшқыш атанғаны белгілі. Осындай атақ танк жүргізушілерінің де арасында болған. Соғыстағы алапат шайқаста танкпен шабуылдау маңызды рөл атқарған. Жау танкісімен бетпе-бет келіп соғысқанда біреу емес, бесеуге дейін қиратқан танкистер «ас-танкист» атанып, Кеңес Одағының Батыры деген атақ беріліпті. Ондай танкистер майданда аз болмаған. Әсіресе, Мәскеуге бет алған жаудың жойқын шабуылын тоқтату барысында көзсіз ерлік жасағандар жеткілікті. Солардың қатарында фашистердің 11 танкісін, көптеген дзот пен берік бекіністерін жойып, офицерлері мен солдаттарын жер жастандырған қарағандылық жерлесіміз, 1-танк бригадасы құрамындағы КВ танкі ротасының командирі, гвардия аға лейтенанты Жұмаш Рахметов те ерекше тізімге еніп, Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ұсынылыпты.

TURKYSTAN.KZ. "«Жуас түйені жүндей беру» де саясаткерлік пе?" - Сонымен Ресейдің Мемдумасының ең белсенді депутаттарының бірі П.Шперо деген Қазақстан мен Ресейдің шекарасын қайта қарау туралы тағы да көңірсіген сөз қозғады. Тағы да дейтін себебіміз ол біресе қазіргі Қазақ жері деп жүргеніміз Ресейдікі, оны қазақтарға Ленин беріп жіберген, біресе Қазақстан деген елді  Сталин ойлап тапқан деп аузынан ақ көбік атып көкитін В. Жириновский басқаратын Ресей либерал-демократтар партиясының белсенді мүшесінің бірі «Тағы да дейтін тағы бір себебіміз Қазақстанның солтүстік уәлаяттарын (соларға ерегіскеннен область, облыс деген сөзді уәлаят деп өзгерту де артық болмас еді) Ресейге қосу керек  деген арамзалық, басқыншылық пікірді орыстың талай-талай белгілі саясаткерлері, тіпті, Э.Лимонов сияқты қаламгерлері де тоқтаусыз айтып келеді. 

"Шұғыл сайлаудың тұңғиығы" - Британдықтар қайтадан сайлауға дайындалып жатыр. Кесімді мезгілінен үш жыл ерте шақырылған сайлаудың үгіт-насихат науқаны өте қысқа: аз-кемі жоқ бір жарым айда беделді партиялардың әрқайсысы мемлекет басқару тізгінін өз қолына алуға лайықты екенін дәлелдеуі тиіс. Парламентке өз мүшелерін сайлауға дәмелі саяси партиялар сайлауалды бағдарламаларын тек өткен аптадан бастап жариялай бастады.

QAMSHY.KZ. "1 маусым - педофил құрбандарының күні ме?" - Өмірдің мәні де, сәні де, қуанышы да – бала. Ойында бір жамандығы жоқ бүлдіршіндерге қарайсың да шынайы тазалықты, пәктікті көресің. Олардың жанында өзіңді де бала сезінесің. Көңілдерінің ақтығы, мейірімге толы жүректері, шынайылыққа толы сезімдері... Ештеңе де өзгерместей көрінеді. Сол қалпында ер жетсе екен деп тілейсің. Бір жамандыққа ұрынбаса екен деп қызғыштай қорисың. Солардың болашағы үшін уақытыңды сарп етесің, солар өссін, солар өнсін дейсің. Оқысын, білім алсын, тәрбиелі азамат болсын дейсің тағы. Себебі, болашақ – бүгінгі сәбидің, бүгінгі бүлдіршіннің қолында. Бүгінгі бүлдіршін қандай тәрбие алса, ертеңгі болашақтың бейнесі дәл сондай болады. Бүгінгі бүлдіршін нені көріп өссе, ертең халқына соны істейді. Тек отбасындағы тәрбие жеткіліксіз, баланы мемлекет тәрбиелейді, билік тәрбиелейді, қоғам тәрбиелейді. Қоғамның әр тұлғасы – сәби үшін тәрбиенің көзі. 

DALANEWS.KZ. "Зейнетақы қорындағы халықтың қаржысын Әзірбайжан банкіне берген кім?" - Зейнетақы қорындағы желге ұшқан миллиардтарған қаржы Ұлттық банктің бұрынғы басшылары жауапты. Бүгін осы дау төңірегінде түсініктеме берген қазіргі бас банкир, бар айыпты өзіне дейінгі басшыларға тақты. Данияр Ақышевтың айтуынша, банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіне 71 миллиард теңгеге инвестиция салу туралы шешім Қайрат Келімбетовтің тұсында қабылданған екен.


29 мамыр 2017, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.