Атырау, 25 сәуір 20:00
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Кішігірім дәмханалар мен шаштараздар СЭС бақылауынан шығарылды

1 953 просмотра


50 орыннан кем қоғамдық тамақтану орындары мен аумағы 50 ш.м. кем сауда нысандары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бақылауынан шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«50 орыннан кем қоғамдық тамақтану орындары мен аумағы 50 шаршы метрден кем сауда нысандары бақылаудан шығарылды. Дәмхана, мини-кафе, нан өнімдерін сататын дүңгіршектер, бистро секілді ұсақ нысандар эпидемиологиялық маңызы шамалы топқа жатқызылды. Сондай-ақ, олардың қатарына шаштараз, сән салондары, монша, сауналар да жатқызылады», - деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, болашақта гипермаркет секілді нысандарды да бақылаудан шығару жоспарланып отыр.

«Эпидемиологиялық маңызы болмашы нысандар жылына 1 рет тексеріледі. Заң бұзушылық анықталса, нақты мерзімі көрсетілген санитарлық ұйғарым беріледі. Кейін жоспардан тыс тексеріс форматында заң бұзушылықтың жойылып-жойылмағаны тексеріледі», - деп атап өткен Бекшин осылайша тұтынушымен кері байланыс орнату көзделіп отырғанын айтты.

«Біз енді ұсақ нысандарды халықтан шағым түскенде тексереміз. Қазір бұл нысандармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, мұндай мекемелер өзін-өзі бақылауға көшуі керек», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Дереккөз: Baq.kz

29 мамыр 2017, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.