Атырау, 20 сәуір 13:06
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ҰБТ, лагерьлер, балабақшалар, ЭКСПО және грант

5 118 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарының нақты мерзімдерін атады: ҰБТ 21, 23 және 25 маусымда өтеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биыл облыс мектептерін 4514 оқушы аяқтайды, оның 3339-ы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Аудандарда емтихан 21 және 23 маусымда, облыс орталығында 3 ағым бойынша, яғни, аталмыш 3 күнде өтеді.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

Бұл мақсатқа 317 млн теңге бөлінді – бұл 2016 жылға қарағанда үштен бір есеге көп. Облыстық білім беру бөлімі 4 жазғы  сауықтыру: Железноводскдегі «Қазақстан геологы», Атырау қаласының маңындағы «Арай», «Тұлпар» және «Өркен»  лагерлеріне жолдама бөледі. Әдеттегідей, мектеп жандарынан күндізгі жазғы лагерлер жұмыс істейтін болады: оның 124-інде тамақтандыру ұйымдастырылған, 179-інде жоқ. Орын бөлу кезінде интернат мекемелерінің, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық беріледі. Өткен жылдан бері облыстық білім беру басқармасы мектеп лагерлеріне АМУ мен педагогика колледждерінің студенттерін еңбекақысы төленетін жұмысқа шақырады.

БАЛАБАҚШАЛАР

Облыста 164 балабақша жұмыс істейді, тағы 13-і салынуда. Көп жылдар бойына техникалық гимназия орналасқан орынжайды  гимназия Нұрсая ықшамауданына көшкеннен кейін күрделі жөндеп, логопедиялық балабақша ашуды жоспарланып отыр. Атырау облысында көші-қонның көбеюіне байланысты жыл сайын 4-5 мыңнан бала қосылады, орын жетіспейді. Журналистер балабақшаға орналастыру үшін қомақта ақша жасайтын әлдебір «делдалдар» туралы мәселені көтерді.

- Егер уақытында кезекке тұрса, онда 3 жыл ішінде ешқандай тамыр-таныссыз орынға қол жеткізе алады, - дейді Н.Сайлауова. – Биыл 2014 жылдың және 2015 жылдың 3 айының өтініштерін жабамыз.

ТАҒЫ ДА ЭКСПО-2017

Басқарма басшысының айтуынша, мұғалімдерді Астанаға өз есебінен баруға ешкім мәжбүрлемейді. Жергілікті бюджет есебінен ЭКСПО-2017 көрмесіне 11 500 бала, 1 500 студент және 2 000 мұғалім барады. Балаларға келер болсақ, жетім, аз қамтылған балалар, оқу үздіктері мен републикалық олимпиадаға қатысушылар іріктеледі.

ӨТЕЛЕТІН ГРАНТ

«Жаңартылған білім мазмұны» жобасының аясында төменгі сынып оқушыларын үй тапсырмасын орындаудан босату жоспарланған. Бұл ата-аналардың таң қалысы мен көп сұрақтарын туғызып отыр.

- Биыл бірінші сынып оқушыларының баға алмағанын білесіздер. Мөлшерлі үй тапсырмасына келер болсақ, балалар білімнің басым бөлігін мектепте алатындай бағдарлама жасалады. Бірақ бұл үйде балалардың оқуына қараудың қажеті жоқ деген сөз емес. Ата-аналар балаларының дамуына неғұрлым уақыты мен күшін көп салса, соғұрлым жақсы, - дейді Н.Сайлауова.

Оқулықтар мен оқу материалдарын сатып алуға 1 млрд 300 млн теңге бөлінеді. 2, 5 және 7 сынып оқулықтары толықтай жаңартылады. Ал 1-2 сынып оқушылары үшін арнайы дәптерлер де сатып алынады.

Қазір мектептерде оқытушылардың жетіспеуі өзекті болып отыр. Әсіресе, орыс тілінде оқытылатын сыныптарда. Математика, бастауыш сыныптар, дене шынықтыру, БӘД пәндері бойынша кем дегенде 257 мұғалім жетіспейді. Үкімет жоғарғы оқу орындарының түлектерін бөлудің бұрынғы жүйесіне оралуды мақұлдайды деп күтілуде. Яғни, студенттер жергілікті бюджет есебінен тегін оқиды, ал есесіне өздерін жіберген жақта 5 жыл жұмыс жасап өтеуі тиіс (бүгінде грант іс жүзінде еш нәрсеге міндеттемейді).

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

28 мамыр 2017, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.