Атырау, 20 сәуір 19:19
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Уылдырық аз мөлшерде

3 581 просмотра


Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Марат ӘБДІРАХМАН төрағалық ететін үйлестіру штабының отырысында «Бекiре-2017» балық қорғау акциясының алдын ала қорытындысы жасалды.

Естеріңізге салсақ, енді инспекцияның бұрынғы басшысы болған Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ биылғы балық аулау маусымы барысындағы атышулы кезекті жанжалдардан кейін мамырдың басында облыс әкімінің кабинетіндегі әңгімеден соң «өз қалауы бойынша» жұмыстан босату туралы өтініш жазған болатын. Жақында ғана ауыл шаруашылығы министрлігінде тиісті бұйрық шығарылды, алайда бұл лауазымға кімнің отыратыны Астанада әлі шешілген жоқ.

Ресми түрде көктемгі балық аулау маусымы аяқталды. Атырау облысында лимиттің игерілуі 38,3%-ды құрады. Қалған бөлігін, әдеттегідей, балықшылар күзде игеруді жоспарлап отыр.

«Бекiре-2017» барысында күш құрылымдары 916 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтады (Атырау облысында - 667, Маңғыстау – 108, Батыс Қазақстан – 141). Үш облыста браконьерлерден 62 тонна балық тәркіленді. Соның ішінде, 2,5 тонна бекіре тұқымдас балықтар және 11 келі қара уылдырық, 3 622 балық аулау құралы мен 156 жүзбелі құралдар – басым бөлігі «астаулар» тәркіленді. Жалпы сомасы 11,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 123 қылмыстық іс қозғалды. Бұл статистиканың басым бөлігі біздің өңірдің еншісінде.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша екі бекіре өсіру зауыттары үшін 183 өндіруші тұқым: бір аналық пен екі аталық қортпа, бір аналық пен 38 аталық бекіре, 44 аналық пен 89 аталық шоқыр, 8 аталық сүйрік ауланды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

28 мамыр 2017, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.