Атырау, 18 сәуір 05:43
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жеңіс бағында 13 жастағы баланы ит талап тастады

4 065 просмотра

26 мамырда облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне ит тістеген көп жарақаттармен 13 жасар бала келіп түсті.

Біздің ақпаратымыз бойынша, Жеңіс бағының жанында оған қаңғыбас алабай шабуыл жасаған. Зардап шегушінің жағдайын облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігер Ризабек ХАИРОВ ауыр деп бағалап отыр.

Естеріңізге салсақ, осындай жаға ұстатарлық жағдай биылғы жылдың 6 қаңтарында Еркінқалада орын алған болатын. 7 жастағы баланы қаңғыбас иттер аяусыз талап тастаған еді. Осыдан кейін қала маңындағы ауылда қаңғыбас иттерді жаппай ату ұйымдастырылып, екі күн ішінде 150-ден астамы жойылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 мамыр 2017, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.