Атырау, 19 сәуір 21:50
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Талайға арман болған «Алтын белгі» өз мәртебесінен айрылды", "Жәкішевті түрмеден түрмеге ауыстырудың сыры неде?", "«Геноцид екені даусыз». Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер анықталды", "Трамптың Саудияға сапарынан Қазақстанға қауіп бар ма?"

2 577 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жәкішевті түрмеден түрмеге ауыстырудың сыры неде?" - «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті этаппен Қарағанды облысындағы түрмеге жіберді, түрмеге түскеннен бері оны талай ауыстырған. Сарапшылар бұрынғы топ-менеджерді түрмеден түрмеге ауыстыра берудің астарынан саяси тапсырыс элементтерін байқаған. Билік мұны жоққа шығарады.

"Балағат сөздер айтқан өзбек шенеунігі айыппұл төледі" - Өзбекстандық шенеунік президентке шағымданбақ болған әйелді балағаттағаны үшін жазаланды. Ашуға булығып, тіліне ие болмаған шенеунік ұятқа қалды.

ZHASALASH.KZ. "Трамптың Саудияға сапарынан Қазақстанға қауіп бар ма?" - Мұнай бағасын құлдырату арқылы Совет Одағын құлатқан АҚШ пен араб елдерінің саясатын Доналд Трамп қайта тірілте ме?

"«Самұрық-Қазына» тағы да қарыз алмақ" - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеев Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмағын мәлімдеді. Шөкеев бұл қарыз туралы екіжақты келісім әлі жасалмағанын, алайда оны қайтару шарттары 8 маусым күні талқыланатынын айтты.

365INFO.KZ. "«Геноцид екені даусыз». Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер анықталды" - Қазақ халқының саны 1911 жылы 8 миллион болды. 1926 жылы ол екі есе күрт қысқарып, 4 миллион болады. Ал 1939 жылы — 2,5 миллион. Міне, бұл ресми статистика — қазақ халқына қынадай тиіп, оны ұлт ретінде жойып, ал жерін өзге этностар лабораториясына айналдыру арам пиғылының көрінісі.

"Таксидегі әңгіме. Questra қаржы пирамидасының уағызшысы шындыққа шыдамай, ашуланып кетті" - Адамдарды аз уақытта мол ақшаға кеңелтіп, тез байытып жіберетін Questra World деген бір дөй шығыпты. Қазір ел аузындағы әңгіменің бірі — осы.

ABAI.KZ. "Геноцид (немесе миллиондаған қазақты аштан қатырған қызыл империя саясаты)" - Қазақтың аяусыз қырғынға ұшыраған аса қасіретті, тарихи қаралы кезеңі, ұлт ретінде тұтастай жойылып кету қауіпі төнген ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қызыл империя ұйымдастырған “аштық саясат” (Мұстафа Шоқайұлы) – нәсілшілдік геноцид. Мұстафа Шоқайұлы айтқандай, қазақ ұлтын “коммунистің “балғасымен” жаншып, “орағымен” орып тастау” көзделді.

"Барлық пәле сарапшылар мен үзеңгілестерден шығады" - Мен Тәуелсіздігіміздің бірінші жылы билікке орысшыл қазақтар келді дедім, бара келе жағдай өзгереді деп сендік, бірақ, қазақ ішіндегі орысшылдық күш ала түсуде. Бұны тоқтату керек, әйтпесе ертең тым кеш болуы мүмкін. Біздегі көптеген  лауазымды қызмет иелері - орысшылдар. Оларды Ресейдің ықпалындағы агенттер, яғни, жансыздар деуге болады. Басқа елдердің ішіне өз агенттерін жіберетін  Путиннің әдеті бар. Олар, тіпті, ҚР Президенті емес, РФ Президентіне лоялды. Басқа елге лоялдылықтың белгісі - төл тілін толық білмейтін шенеуніктердің жүріс-тұрысынан байқалады.

TURKYSTAN.KZ. "Талайға арман болған «Алтын белгі» өз мәртебесінен айрылды" - Бүгін барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылады. Түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басуға әзірленеді. Бірақ олардың алдында бір сынақ тұр. Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу форматының толықтай өзгертілгені баршаға мәлім. ҰБТ-ның жаңа форматы бәрінің бірдей көңілінен шықты деп айтуға болмас. Ал «Алтын белгі» иегерлерінің жоғары оқу орнына түсу жеңілдігінен қағылғандығы қоғам мүшелерінің түсінбестігін туғызуда.

"Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!" - Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының бұрынғыдай беделі бар ма? Былтыр Сирияда 19 журналист көз жұмған, оның сыртында іс-түссіз жоғалғандары қаншама. Соғыс қимылдары жоқ аймақтарда да журналистерге кедергі көп. Жалпы, қазіргі таңда әлемдегі журналистиканың жай-күйі қандай? Сұрақтың жауабын табу үшін БАҚ-ты төрт критерий бойынша зерделеп көрген едік. Әуелі халықаралық рейтингтік агенттіктердің мәліметіне сүйене отырып, сөз бостандығы, тілі мен қауіпсіздігі, сауаты жөнінде бірер мысал келтіргенді жөн көрдік.

EGEMEN.KZ. "Манчестердегі теракт АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы дауға ұласа бастады" - Манчестердегі жарылысқа қатысты құпия сақталуы тиіс материалдарды АҚШ ресми өкілдерінің баспасөзге жария етуі Ұлыбритания өкіметінің ашу-ызасын туғызып отыр. Бұл туралы бүгін британдық бірнеше басылым жазды.

INFORMBURO.KZ. "Өркенді өлтірген Шарипа Ақбердиеваның қылмыстық тобы заңды жазасын алды" - 11 жасар Өркен Азаматұлының өліміне қатысты сот шешімі шықты. Оған келіспеген айыптаушы тарап қылмыскерлерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.

26 мамыр 2017, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.