Атырау, 23 сәуір 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ілгерілетуге биыл 591 млн. теңге жұмсалады

2 542 просмотра


Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгін біз Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысына жиналып отырмыз. Қазіргі кезде рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталды. Оған барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысып жатыр. Өздеріңізге белгілі, ұлттық комисияның жұмыс топтары нақты жоспарларын жасап, жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі отырыста біз осы аралық кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін тыңдаймыз», - деді комиссия отырысын ашқан ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков.

Осыдан кейін Үкіметтің рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар жайында ҚР Премьер-Министрі кеңесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов есеп берді. Оның атап өтуінше, Премьер-Министр кеңесіне бағдарлама аясында 10 тармақты жүзеге асыру бекітілген. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үкіметтік іс-шаралар жоспары әзірленіп, келісу үшін Президент әкімшілігіне енгізілген. 

«Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 6 арнайы бағдарламаны жүзеге асыруды қоса алғанда Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ілгерлетудің тыңғылықты қаржылық сметасын талқылады. Қаржылық есептеулер жүргізілді», - деді Алдабергенов.

ҚР Премьер-Министрі кеңесі басшысының айтуынша, 2017 жылдың бюджеті нақтыланғанға дейін 591 млн. теңге қаржы мемлекеттік органдар арасында ағымдағы жылғы бюджеттің аясында өзара бөлінетін болады. Оның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне 314 млн. теңге, Білім және ғылым министрлігіне 35 млн. теңге, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 168 млн. теңге, Азматтық қоғам және дін істеріне 73,4 млн, теңге бөлінеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат




26 мамыр 2017, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.