Атырау, 18 сәуір 09:48
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Мұнай өндіру көлемін азайту туралы халықаралық келісім мерзімі ұзарды

2 236 просмотра

ОПЕК-ке мүше елдер мен бұл ұйым қатарында жоқ басқа да мемлекеттер, оның ішінде Ресей әлемдік нарықта мұнай бағасын көтеру үшін тағы тоғыз ай бойы өндіру көлемін азайтуға келісті. Мұндай шешім Венадағы кездесуде қабылданды. Бұған дейін жасалған күндік өндіріс көлемін 1,8 миллион баррельге азайту келісімі келесі жылдың наурызына дейін күшінде қалады. Бұған дейінгі келісім күші 30 маусымға дейін ғана жарамды болған.

Жаңа келісім жасалған жария болған соң мұнай бағасы арзандай түсті. Сарапшылардың пікірінше, нарықта мұнай өндірісі көлемін қосымша тағы да азайта түсуге және оның мерзімін бұдан да ұзартуға келісім жасалады деп күткен. Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих "Біз түрлі сценарийлерді, оның ішінде өндіріс көлемін азайту мерзімін тоғыз айдан 12 айға дейін ұзарту және өндіріс көлемін тағы да азайта түсуді қарастырдық" деді.

2016 жылы қарашада ОПЕК күндік өндіріс көлемін 1,2 миллион баррельге азайтуға келіскен. Кейін оған басқа да мұнай өндіруші елдер, оның ішінде Ресей мен Қазақстан да қосылып, өндіріс көлемі 1,8 миллион баррельге азайтылды. Қазір мұнай баррелі 50 доллардан саудаланып жатыр. Бұл баға 2016 жылдың басындағы 30 доллармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, дегенмен 2014 жылғы бағадан екі есеге төмен.

Дереккөз: Азаттық

26 мамыр 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.