Атырау, 28 наурыз 14:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Алматыда өлтірілген оқушының өгей анасы кінәсін мойындады

2 018 просмотра


Алматы  облысының аудандық сотында 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтіру ісі бойынша жарыссөздер өтті. Басты күдікті, өлтірілген баланың өгей анасы өз кінәсін толықтай мойындады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Болжам бойынша өз балаларының көмегімен өгей ұлын өлтіруді ұйымдастырған бас күдікті бар кінәні толықтай мойнына алып, ондай қылмысқа ненің итермелеген айтып бері. Басты себеп қиын отбасылық жағдай болған. Әйелдің сөзіне қарағанда, Өркеннің әкесі 12 жыл бойы оған көмектеспепті және бала тәрбиесіне де көңіл бөлмеген. Оны Шарипаның өзіне асырауға тура келген. Міндеттердің осылай бөлінгеніне қарамастан, ер адам үйден кету туралы шешім қабылдайды. 

Соңғы сөзінде Шарипа Ақбердиева мен қалған төрт сотталушы Өркеннің туыстарынан кешірім сұрады. Бас күдікті 25 жылға бас бостандығнан айырылуы мүмкін.  Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев. 

Айта кетейік, Өркен Азаматұлы 19 қаңтар күні сабақтан шығып, үйіне оралмаған. Полицияға баланың жоғалып кеткені туралы оның әжесі арыз жазады. Кейінірек, баланың денесі табылған болатын. Өркенді өлтірді деген күдікке оның өгей шешесі ілініп отыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

26 мамыр 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.