Атырау, 25 сәуір 12:21
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жіберген жағдайды түсіндірді

Бейнежазба
2 417 просмотра


Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер НАТО-ның Брюсселдегі штаб-пәтерінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Брюсселдегі НАТО-ның жаңа штаб-пәтерін қарау кезінде алдыңғы қатарға шығу үшін алдында тұрған Черногорияның премьер-министрі Душко Марковичті итеріп жіберді. Twitter желісінде жарияланған видеода Душко Марковичтің Америка президентінің қылығына таңырқап қалғаны байқалады. Трамптың бұл қылығына желі пайдаланушылары наразы болып отыр.  

Спайсер сол оқиғаның бүге-шүгесіне дейін айтып жатудан бас тартқан. "Мен ол видеоны көрмедім", - деді ол. Сонымен қатар АҚШ президенті баспасөз қызметінің басшысы НАТО-ға мүше елдердің көшбасшыларының жүру, тұру ережелері бар сол себепті де Трамп осы сызбаға сай жүріп отырған болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, Брюсселдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде осы ұйымға мүше елдердің кездесуі өтіп жатыр. Онда АҚШ-тың лаңкестікпен күрес бойынша альянстың қорғаныс шығындары мен күресін күшейту талаптары талқыланады.


Дереккөз: Тengrinews.kz 

26 мамыр 2017, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.