Атырау, 18 сәуір 22:25
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Қоқыс пен су жинауға арналған... клумбалар

3 141 просмотра


«River Palace» отелінің маңындағы жағалауда бетон клумбалар түріндегі қауіпті қоршау Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-ден бастап, Бейбарыс даңғылының бойындағы автокөлік көпіріне дейінгі учаскені қайта жарақтау барысында өзгертілетін болады.

Жағалау – қала тұрғындарының демалатын сүйікті орындарының бірі. Алайда Атыраудың басқа жерлерінде ол бетон жақтау немесе шойын шарбақтармен қоршалған болса, отель маңында ішінде ештеңе өспеген бетонды клумбалармен қоршалған. Клумбалардың ортасында ашық кеңістік бар, оған кішкентай бала оп-оңай сыйып кетеді. Сондықтан бұл жерде кішкентай сәбимен серуендеу қауіпті. «АЖ» қалалық ТКШ бөлімінен неліктен қауіпсіздік ережесінің сақталмайтындығын сұрады. Бұл бетон алыптардың арасында ең болмағанда тор болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл маңдағы жағалау келбетін өзгерту туралы шешімді кімнің қабылдағаны түсініксіз. Егер алып клумбалар орнатылған болса, неліктен оның ішінде ешқашан ештеңе өспейді?

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВТЫҢ қолы қойылған жауапқа сүйенсек, жағалаудағы шойын шарбақ түріндегі тұтас қоршау құрылымы бұл жерде 2002 жылы, отель ғимаратын салу кезеңінде – жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес бөлшектелген. Қазиев жазып отырғандай, «жағалау қауіпсіздігінің негізгі талабы жағалау бекіністері және тіреу қабырғалары болып табылады, олардың құрылымдары гидрогеологиялық мәліметтер бойынша есептеледі. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жағалаудың бүкіл периметрі бойынша таяныш қоршаулар қарастырылады».

Неліктен бұрын ешкім дұрыс қоршаудың болмағандығына назар аудармағандығы түсініксіз. Өйткені, қала келбетіндегі өзгерістер өкілетті органдардың келісімімен жүргізіледі. Бірақ енді ТКШ басшысы шаралар алынатындығына сендіріп отыр. Өйткені, бұл шынымен де адамдарға қауіп төндіреді және эстетикалық ажарын бұзып тұр.


Ал бетонды клумбалар иесіз болып шықты. Бұл шағын сәулет формалары отельдің меншігі емес екен, бірақ әрі қарай ұстау үшін және қызмет көрсету үшін ТКШ балансына да берілмеген. Сондықтан бұл жерге гүл отырғызу бюджетте қарастырылмаған. Дегенмен, таяу болашақта бұл учаске қайта құрылымдауға ілігіп, өзектілігін жояды. С.Қазиев хабарлағандай, қазір Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ-ден бастап Бейбарыс даңғылындағы автокөлік көпіріне дейінгі жерді толықтай қайта қалпына келтірудің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде: қоршаулар мен жарық шамдарын ауыстырылып, жасыл-желектер отырғызылған шағын сәулет формалары, бұрқақтар және т.б. абаттандыру элементтері орнаталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

26 мамыр 2017, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.