Атырау, 18 сәуір 18:51
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Музей түні

4 571 просмотра


Ш.Сариев атындағы өнер музейінде және облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» шарасы ұйымдастырылды. 

Бұл мәдени жоба бірнеше жыл бойы жүзеге асып келеді. Және акция әр өткен сайын көп кісі жинайды.

Тарихи-өлкетану музейі осы күні «Үкілі домбыра» І аймақтық домбыра жасаушылар конкурсын өткізіп, жеңімпаздарды анықтады. Батыс өңірі шеберлері қатысқан сайыста маңғыстаулық Нұржан МҰСАЕВ жеңіске жетті. 

Сонымен қатар, танымдық викториналық ойындар, экскурсиялар, көрмелер ұйымдастырылды. 

Бұдан бөлек, музей қызметкерлері келген адамдар үшін қазақтың «Жаужүрек» ұлттық тағамын пісіріп, дәмін татқызды.

- Бұл тағам туралы көбі білмеуі мүмкін, ал оның тарихы тереңде жатыр. Жаугершілік заманда аналары батыр ұлдарына осы тағамды арнайы пісіретін болған. Өте құнарлы, дәмді әрі тойымды тамақ, құрамында көптеген пайдалы элементтер бар, - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері. 

Ал жолдың қарсы бетіндегі өнер музейінде де қызықты шаралар өткізілді. Экскурсоводтар келушілерге көрме залдарын таныстырды. Бұл жерде біздің бұрынғы әріптесіміз, шебер Зинат ОРЫНБАСАРОВАНЫҢ қыштан бұйымдар жасау сабақтары өтті. Сазбалшықтан кез келген дүниені жасауға балалар аса қызығушылық танытты. Өздері де саздан қиялындағы мүсінді жасауға көшті. 

Қаламыздағы белгілі киім дизайнері Маржан МАРШАЛЛДЫҢ ұлттық нақыштағы заманауи сән киімдерінің көрсетілімі көпшілік көңілінен шықты. 

Музей ауласында қылқалам шеберлері қонақтардың суреттерін салып жатса, қолөнер шеберлері өз бұйымдарын кеңінен ұсынуға мүмкіндік алды. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор


25 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.