Атырау, 29 наурыз 18:06
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ай сайын - бір қойдан

2 877 просмотра

«Жасқайрат асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС Қызылқоға аудандық сотына өз бақташысына қатысты 3 млн 720 мың теңге сомада тигізілген зиянды өндіріп алу туралы талап-арыз берді.

Сот процесі барысында анықталғандай, 2014 жылы жергілікті тұрғын Ғ. ЖШС-нің қойын бағуға жалданып, толық материалдық жауапкершілік туралы келісімге қол қойған. Ал жақында өткізілген тексеру жұмысы отардан 186 қойдың жоқ болып кеткенін анықтады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, процесс барысында тараптар бейбіт келісімге келген, соған сәйкес жауапкер талап-арыз берушіге зиянды ай сайын 30 мың теңгеден ақшалай түрде өтеуге міндеттелді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 мамыр 2017, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.