Атырау, 20 сәуір 05:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жұмыс табу кімге оңай?

3 440 просмотра

Атырау облысында дәнекерлеу, құрылысшы, шаштараз, аспаз секілді жұмысшы мамандықтарға сұраныс жиі түседі, деп атап өтті «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат ҒИЛАЖЕВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

- Жақында аспаз мамандығы бойынша үш мекемеден өтінім түсті. Тізімнен қарап көрсек бізде жұмыссыз жүрген аспаз жоқ екен. Қазіргі кезде жұмыссыз боп тіркелгендердің көбісі экономист, мұнай-газ саласы мамандығын бітіргендер. Оларға біз кәсіпкерлікпен айналысуды насихаттап жатырмыз. Атырау облысы бойынша жұмыссыз ретінде 2100 ден астам жас тіркелген.

Еске салып өтсек, бұған дейін «АЖ» биыл 4 514 түлек мектеп бітіргелі отырғанын жазған еді. Олардың 3 339-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген, яғни, жоғары оқу орнында оқуға ниетті.

- Тестілеу барысында да шекті баллды жинай алмаған мектеп түлектері болса, оларды қайта даярлау курсынан өткізіп, жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасайтын боламыз, - деді Р.Ғилажев.

Ердос ҚАСЫМ

Суретті түсірген автор

24 мамыр 2017, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.