Атырау, 24 сәуір 11:59
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Самұрық-Қазына Қытайдан қарыз алады

2 473 просмотра


"Самұрық-Қазына" Қытайдан 3 млрд доллар көлемінде қарыз алмақшы. Компания басшысы Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше, Қытайдан қарыз алу дұрыс шешім және ол ұзақ мерзімге беріледі және олар қарызды ешбір кепілдіксіз беруге дайын.  Бұл туралы ол мәжіліс отырысы кезінде мәлімдеді. 

"Егер қарыз шарттары жақсы болса оны алу керек және жақсы идеялар мен жобаларға жұмсауға болады. Біз біраз уақыт бұрын Қытайда болдық. Қытай Үкіметі мен банктері Қазақстанға бір пайызбен ешбір кепілдіксіз ұзақ мерзімге қарыз беруге дайын. 3 млрд доллардың жобасын құрып жатырмыз. Қарызды біз нагізгі жоспар бойынша жұмсаймыз, сондықтан мұндай кредиттерді алуға болады деп ойлаймын", - деді Шөкеев.

Оның сөзінше, 8-9 маусымда Қазақстанға Қытайдан делегация келеді. Қарыз алудың анық-қанығы сол кезде талқыланатын болады. 

Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" АҚ-да мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы" тақырыбына қатысты болған отырыс кезінде мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов  компания қарызы 2016 жылдың соңына қарай  9 трлн 938 млрд теңге болғанын (29,8 млрд доллар) мәлімдеген. Оның ішінде үкімет қарызы — 3 трлн 52 млрд теңге, өзге қарыздар — 6 трлн 889 млрд теңге.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

24 мамыр 2017, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.