Атырау, 25 сәуір 15:18
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алатын болды

2 155 просмотра


23 мамырда Қазақстанның ішкі істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Біріккен Араб Әміроіктерінің сыртқы істер және халықаралық әріптестік министрлі, шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді. 

Кездесудің басты нәтижесі екі елдің азаматтарын 30 күн мерзімге визасыз кіргізуді қарастыратын құжатқа қол қою болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Таяу уақытта Қазақстан мен БАӘ осы келісім күшіне ену үшін мемлекет ішкі процедураларды өткізеді. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді негізгі қарым-қатынас туралы және сириялық дағдарыс туралы талқылады. 

"Бүгінгі кездесу Қазақстан-БАӘ қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін екіжақты және көпжақты форматта талқылауға мүмкіндік берді. Тараптардың жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдарының тығыз байланысқа түсуге дайындығы атап өтілді", - деп мәлімдеді Әбдірахманов.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


24 мамыр 2017, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.