Атырау, 20 сәуір 07:15
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ОҚО-да анасынан соққы жеген 7 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

2 871 просмотра

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыр жарақат алған 7 жасар бала ауруханаға түсті.  Ордабасы ауданы Бөген ауылынан жеткізілген жеткіншекті туған анасы сабап тастаған деген күдік бар. Қазір өңірдің тәртіп сақшылары тергеу шараларын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Әбден соққыға жығылған баланы туыстары Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізген. Онда жарақаттардың себебін баланың құлап қалғанымен түсіндірген. Алайда жарақаттарын қарап шыққан дәрігерлер жеткіншекті ұрып соққан деген қорытындыға келеді. Сөйтіп полицияны шақыртады.

«Бізге Ордабасы аудандық ауруханасынан 7 жасар баланың ауыр халде түскені туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша жедел түрде тергеу тобы барған болатын.Олар осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің  107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейін тергеу басталып кетті. Балаға қатысты бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде баланың 31 жастағы анасы анықталып отыр. Ол әлі қамауға алынған жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады»,- дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 

Жағдайы тым ауыр болған соң жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

«Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты ауыр күйінде қалып отыр. Негізінен бас-ми жарақатын алған, 1-2 дәрежелі күйік шалған. Қазір жансақтау бөлімінде. Бірнеше ота жасалды. Әлі есіне келмеді. Атын да білмейді»,- дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев. 

Дәрігерлер сондай-ақ жеткіншекті бірде-бір адам іздеп келмегенін айтады. Тіпті туған анасы да жағдайын білмеген. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 мамыр 2017, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.