Атырау, 24 сәуір 14:38
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"«Үйлену – несие, үй алу – ипотека»", "Соңғы соттағы Жаманқұловтың сөзі: «Мен - ақпын. Құдай алдында айта аламын!»", "БТА банкінің ісі жарыссөзге жетті", "Ресей билігі наразы жастардан тіксініп отыр", "Қытай АҚШ-тан 100 күн сұрады"

2 839 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ресей билігі наразы жастардан тіксініп отыр" - Ресей басшылығы жастардың саяси наразылығын қалай бәсеңдетудің амалын іздеп, оларға көше шерулеріне қатысудың қаупі туралы дәріс оқып, видео көрсетіп әлек болып жатыр. 

"БТА банкінің ісі жарыссөзге жетті" - Бүгін, мамырдың 23-і күні Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз басталды.

INFORMBURO.KZ. "Мешітке түскен садақаның есеп-қисабы алынатын болды" - Мешіттегі пітір садақадан түскен ақша қайда жұмсалады? Ал бас имам мешіттің тек кірісін ғана емес, шығысын да халық есепке алса дейді.

ABAI.KZ. "Жатырынан безген жақыннан жарылқайтын жат жақсы" - Түзелген қате қате емес – сабақ. Қазақ тілі керек, ағылшын тілі жеке пән ретінде керек, оған орыс тілінің біраз сағаттарын беріп қойса, тіпті жақсы. Орыс тілін онсызда жақсы білеміз. Барлық ақпарат, теледидар орысша сайрайды. Алматының қазағы өзара орысша сөйлеcеді. «Бұларың қалай?» десең пәлеге қаласың. Орысқа қазақша білуі керектігі туралы айтсаң Нұратасының сөзін мысалға келтіріп, жанжалдаса жөнеледі.

"«Букмекер, олимп» дегендер казиноның «ядный личинкалары!»" - Кезінде «казино» деген кәззәп, құмарханалар болды. Жын-шайтанның бәрі сол маңға үймелейтін. Құмар ойын – Алла-Тағаланың тыйған нәрселерінің бірі, бұл – харам ойын, нағыз зұлмат! Алланы тыңдамағандар ерте ме, кеш пе, қаһарына ұшырайды. Қанша адам осы «магнитті құмаройынның» тірі құрбандарына айналды.

TURKYSTAN.KZ. "«Үйлену – несие, үй алу – ипотека»" - Бүгінде жұрт банктен несие алуға құмар. Құмар емес-ау, бұған адам жетімсіздіктен, мәжбүрліктен баратыны белгілі. Тіпті, қазір білімді де несиеге оқып, шаңырақты да несиеге көтеріп жатқандар көп. «Үйлену – несие, үй алу – ипотека» деген жаңа заман нақылының да ел аузында жүргені осыдан.

QAMSHY.KZ. "Көргенім өзбек киносы..." - «Теңгедей өзiң болғанмен, теңiздей көрiп тамсанам» деп тебiренiптi Саршолақ шайыр өзi туған Шалқар өңiрiндегi шап-шағын ғана Жомарт көлi туралы. Сол айтқандай қазақ киносы туралы зәуде бiр жылы сөз ести қалсақ та жүректегi азды-көптi тоң жiбiп, көңіліміз көл-көсір бола жаздап, балмағыз бiр күйге түсетiнiмiздi несiн жасырайық. Неге бұлай болғанымызды түсiндiру үшiн алысқа бармай-ақ әңгiменi қазақ киносының тарихатынан бастамасаң болмайды. Сондықтан оны көршi өзбек елінiң кешелі-бүгiнгi осы кино саласымен салыстырудан әрi аттамай-ақ қойсақ та болатын сияқты. 

оңғы соттағы Жаманқұловтың сөзі: «Мен - ақпын. Құдай алдында айта аламын!»" - Көркем фильм түсіруге бөлінген 69 миллион теңге қаражатты қымқырды деген күдікпен жарты жыл бұрын ұсталған Жаманқұловтың ақтық соты болып жатыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

JASQAZAQ.KZ. "Программист көп, дәнекерші жоқ" - Кәсіптік білім беретін оқу орындарының бәрі өндіріске қажетті мамандыққа баулымайды. Содан барып программист көп те, жұмыс жоқ . Мәжілісте «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытуды енгізу» деген тақырыппен өткен алқалы жиында осы мәселе талқыланды. Отырысқа қатысқан Семей қаласындағы электр-техникалық колледж директоры Азат Сәрпековтен өндіріске қажетті маман дайындау жайын сұраған едік.

QAZAQUNI.KZ. "Бас мүфти – Жат ағымда жүргендер мешітке тек жұма күні ғана келеді" - Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы экстремизммен күрестің дінге кесірі тиіп кетпеуін сұрап алаңдады.

AIKYN.KZ. "Қытай АҚШ-тан 100 күн сұрады" - Қазір Солтүстік Корея мен АҚШ-тың арасы ушығып тұр. Өткен аптаның соңында Ақ үй корей жартытүбегіне қарай оқ-дәрісі мен қару жараққа толы тағы бір алып кемесін жіберді. Бүкіл әлем қазір ішін тартып отыр. Ондағы қауіп не?




23 мамыр 2017, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.