Атырау, 20 сәуір 09:18
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мұнайшылар экологтан кешірім мен 7,5 миллион талап етуде

3 086 просмотра

Қали ӘУБЕКЕРОВ
Атырау қалалық сотында өзгеше азаматтық іс қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, 81 жастағы Қали ӘУБЕКЕРОВ жетекшілік ететін «БатысЭкоҚорғау» экологиялық қоғамдық бірлестігіне қатысты «Сатпаев Оперейтинг» компаниясының бес топ-менеджерінің ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделін қорғау туралы талап арызы қаралды. Мұнайшылар талап етіп отырған жалпы сома 7,5 миллион теңгені құрайды. 

Онымен қатар, сатисфакция ретінде талап арыз берушілер жауапкерден ықпалды адамдар тобына, соның ішінде, энергетика министрі мен президенттің күйеу баласына айып хат жазуға міндеттеуді талап етеді. Мәселе мынада, Әубекеров 2017 жылдың ақпанында «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС басшылығын тендерлердің бірін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылыққа жол берді айыптаған болатын. Лот құны 317 миллион теңгені құрады. Өзінің күдігі туралы ол хатпен, дәлірек айтқанда, министр Қанат БОЗЫМБАЕВҚА, «KAZENERGY» қауымдастығының басшысы Тимур ҚҰЛЫБАЕВҚА, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕДКЕ, осы партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы, мәжілісмен Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВКЕ, мәжілістің Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Глеб ЩЕГЕЛЬСКИЙГЕ, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Сауат МЫҢБАЕВҚА «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатындағы мәлімдемесімен» хабарлады.

«ҚМГ» АҚ «Сатпаев Оперейтинг», ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы болғандықтан, Әубекеровтің мәлімдемесін қарауға... сыбайлас жемқорлыққа айыпталған сол ЖШС-нің басшылығы қорғанудың әйгілі стратегиясын пайдаланып, сот арқылы бірінші болып шабуыл жасады.

Талап арыз берушілер - «Сатпаев Оперейтинг» бас директоры Сабыржан ОРЖАНОВ, оның орынбасарлары Бақытжан ТАУБАЕВ, Хаким ҚАСЫМОВ, Сингх ШИАМ және Догра СУШИЛ ДАТТА – зейнеткер экологты өздерінің ар-намыстарына, абыройлары мен іскерлік беделдеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратты деп айыптады. Сотта олардың заңгері Элла ЖҰМАҒАЛИЕВА мәлімдегендей, талап арыз берушілер ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін «жүйкелері тозған...» жағдайда. Өздерінің жан күйзеліс деңгейін талап арыз берушілер әрқайсысы бір жарым миллион теңгеге бағалады.

Сотта анықталғандай, мұндай тектегі шағым – «Сатпаев Оперейтинг» тарихында алғаш рет беріліп отырған жоқ. Жыл ішінде осы ЖШС-нің тендер өткізуіне қатысты сотқа бірнеше компаниядан шағымдар түскен.

- Айта кету керек, бұл компаниялардың барлығы тендер өткізуге өздері қатыспаған. Олардың қолдарына тендер материалдары, атап айтқанда, өтінімдер бойынша бүкіл конкурс құжаттамасының қалай тигені белгісіз. Бұл компаниялардың барлығының шағым жазу қолтаңбалары бірдей. Біз бұл компаниялардың барлығының идея басшысы бір, мұның бәрі сол адамның нұсқауымен болып жатыр деп ойлаймыз, - деді заңгер Қожағалиева.

Жанама дәлел ретінде компания интернеттегі әлдебір аудиофайлға сілтеді. Ол жерде сұхбаттасушылардың тендерді қалай ұтып алуға болатыны, қоғамдық бірлестіктердің қалай табыс табатыны талқыланып, «тапсырыс берілген» компанияларды, олардың үстінен шағым түсіру керектігі атап өтіліп, тіпті, мұның артында тұрған адамның аты да аталады. Сот аудиожазбаны дәлел ретінде қабылдамады.

Өз кезегінде Қали Әубекеров алдымен талап арызға пікірін білдірді, содан соң «Сатпаев Оперейтинг» компаниясының экологиялық мониторинг бойынша конкурс қорытындысын жою туралы сотқа қарсы талап арыз берді. Екі талап арызды да судья Саламат НОҒАЕВ қатар қарауда. Өзін өзі қорғаушы Әубекеров мәлімдегендей:

- ...Конкурстар қоршаған ортаны және Каспий теңізінің биоәралуандылығын қорғау үшін емес, ақшаны жымқыру үшін жасалып жатқандай әсер қалдырады.

Сот тараптардың пікірін тыңдап, материалдармен жете танысу үшін уақыт алды. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 мамыр 2017, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.