Атырау, 24 сәуір 16:50
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жалған ақшамен сауда жасаған

2 531 просмотра

20 мамырда Жилгородокта Пархоменко көшесінің бойындағы азық-түлік дүкенінің сатушысы полицияға белгісіз ер адамның өзімен жалған 20 мыңдық купюрамен сауда жасағанын хабарлады.

Ол 900 теңгеге екі бөтелке табиғи шырын сатып алып, сатушы оған 19100 теңге ақшасын қайтарып берген. Мұқият қараған соң әйел купюраның жалған екенін түсінген.

Сатып алушы – 22 жастағы Атырау тұрғыны – кешікпей ұсталды. Оның айтуынша, купюра үйіндегі шын ақшалардың арасында жатқан кәдесый екен, сол ақшаны шатастырып алған көрінеді. Дегенмен де, ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталған. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

22 мамыр 2017, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.