Атырау, 29 маусым 12:07
Күндіз ашық+35, кешке +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 323.13  € 367.08  P 5.43

Оқытушылардың пара алуына жалақының аздығы себеп – профессор

19 мамыр 16:01

Фото: Baq.kz
Университеттегі сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін, ең әуелі, оқытушылардың жалақысы қанша екенін біліп алған маңызды. Себебі бұл профессорларды жемқорлыққа итермелейтін факторлардың бірі. Бұл туралы Энерджи Дельта институтының профессоры және ғылыми қызметкері, Ақтөбе мұнай жабдығы зауытының басқарма төрағасы Александр Ван де Путт елордада өткен II «Академиялық адалдық және университетті басқару» xалықаралық конференциясында айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі конференцияда көтеріліп отырған академиялық адалдық мәселесі өте өзекті. Себебі жемқорлық, көшіріп басу, плагиат, өкінішке қарай, әлемнің барлық университетінде кездеседі. Жоғары оқу орындарында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен қарапайым тәсілдермен-ақ күресуге болады. Жемқорлықпен күреспес бұрын мұның түпкі себебіне үңілген жөн. Әдетте жалақысы жоғары жерлерде жемқорлық аз болады. Профессорлар мен оқытушылардың айына табатын табысы қанша? Менің ойымша ол ең басты аспект. Мен бұл жерде Назарбаев университеті, КИМЭП немесе ҚазГЗУ секілді беделді, танымал университеттерді айтып тұрған жоқпын. Мәселен, Ақтау, яғни қарапайым университеттердің оқытушылары қанша алады? Әрине, бұл жемқорлыққа итермелейтін факторлардың бірі ғана», - дейді профессор.

Шетелдік сарапшының айтуынша, жемқорлық деген ұғымның аясы кең, оны тек ақша, пара деп тар мағынада түсінуге болмайды.

«Жемқорлық дегенде мен тек ақшаны ғана емес, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, көзқарасын да меңзеп отырмын. Мәселен, егер мен өзіме ұнайтын қызметкерді білімі мен біліктілігі төмен болса да, жоғары қызметке тағайындасам, бұл әділдік пе? Әрине, жоқ. Бәрі еңбекпен келеді. Қанша тер төксең, сонша жемісің көресің», - дейді Александр Ван де Путт.

«Балық бастан шіриді» демекші, жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін басшылықтан бастау керек, деп санайды профессор.

«Мек бұл тұста тек университеттерді емес, барлық салаға қатысты айтып тұрмын. Себебі жоғарыдағылар өз қарамағындағы қызметкерлеріне үлгі. Бәрі лидерлерден басталады», - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетсек, бүгін Астанадағы ҚазГЗУ-да «Академиялық адалдық және университетті басқару» атты ІІ халықаралық конференция ашылды. Іс-шараның мақсаты – академиялық адалдық және жоғары оқу орындарын басқару саласындағы тәжірибемен алмасу, озық халықаралық тәжірибені талқылау және Қазақстанда академиялық адалдықты дамыту үшін жаңа стратегияларды тұжырымдамалау.

Форумға қатысушылар университеттер басшылығының сыртқы және ішкі функцияларына, академиялық процесті басқаруға, сондай-ақ кәсіби ғылыми зерттеулердің мәдениетін қалыптастыруға қатысты бірқатар көкейтесті мәселені талқылады.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

536 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Журналистер күні. Вашингтон  350 рет қаралды

Сөзге ілінді  659 рет қаралды

Зиратқа «кездейсоқ» барған ба?  1391 рет қаралды

Сондерс Головкинге сәлемін жолдады   603 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5