Атырау, 23 мамыр 06:10
Таңертең ашық+21, күндіз +20, возможен дождь
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 310.70  € 348.20  P 5.49

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспайтын болды

19 мамыр 15:08


69 келі салмақта Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспайтын болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, жыл басында боксшымыз Майк Алматура басқаратын автсралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. Бірақ, компания өз сөзінде тұрмаған. Сондықтан боксшы промоутерлік компаниямен де, Майк Алматурмен келісімшартты бұзыпты. 

"Мен де, Данияр Елеусінов те MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен де, Майк Алматурамен де келісімшартты бұздық. Өйткені, олар келісімшарт бойынша уәде еткен нәрселерін істеген жоқ. Кәсіпқой бокстан түскен басқа нұсқаларды әлі қарастырып жатқан жоқпын. Жуық арада карьерамды қалай жалғастыратыным туралы нақты шешім қабылдаймын. ", - дейді Дычко бұл мәселеге қатысты. 

Айта кетейік, қаңтар айында белгілі болғандай Данияр Елеусінов пен Иван Дичко ақпан айында АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісіп, мамыр айында Қытайда бірінші жекпе-жектерін өткізу керек еді. Ал шығынды толық промоутерлік компания өз мойынан алуы керек болған. Бірақ, екі боксшы да әлі күнге дейін жаттығуға кіріскен жоқ. Ол туралы ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио айтты.

Дереккөз: Vesti.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

296 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысатын болды  420 рет қаралды

Әуесқой бокста жүре берсем, оған ынтам жоғалатындай сезім болды - Данияр Елеусінов   314 рет қаралды

Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды  501 рет қаралды

"Британия баспасөзі: Ресейді соғысуға итермелеп керегі жоқ". "«Имидж жасаудың шебері» Бердібек Сапарбаев". "Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымы төмендеп кетті. Неге?". "Путиннің мұрагері белгілі болды".  992 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4
1 2 3 4