Атырау, 22 қаңтар 12:54
Кешке ашық-3, түнде -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.27  € 398.27  P 5.73

Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді  

19 мамыр 2017 11:17


Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іздеу шаралары барысында Астананың 23 жастағы тұрғыны ұсталған. Қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Алайда жәбірленушіден әзірше арыз түспеген. 

"Осыған байланысты жәбірленушіден полицияға хабарласуды сұраймыз", - дейді қалалық ІІД өкілдері.

Полициядағылардың айтуынша, жүргізушіні аса қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам өз әрекетіне жолдағы жанжалдың себеп болғанын айтқан. Жанжалдан кейін ол осылайша әрекет етуді ұйғарыпты.  

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде және Instagram желісіндегі парақшаларда ел өңірлерінің бірінде түсірілген видео пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан ер адамның тал түсте өзінен үлкен ер адамды ұрып жатқанын көруге болады. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

1015 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ақтөбеде теракт жасағандар өз әрекетін түсіндірді  861 рет қаралды

​Ақмола облысында әкесі мен ұлы өз үйінде үсіп қалған   201 рет қаралды

​ОҚО-да анасы алты жасар ұлын ұрып-соққан. Бала ауруханаға ауыр халде түсті   209 рет қаралды

Өмірмен қоштасуға асықпа...  617 рет қаралды

Басты бет