Атырау, 16 желтоқсан 22:00
Түнде ашық-5, таңертең -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Абаев банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатына қатысты пікір білдірді

19 мамыр 10:36


Қазақстандықтардың банкротқа ұшыраған Халықаралық Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы жинақтары мемлекеттің кепілінде. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы  "Открытый диалог" жобасы аясында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, мәселенің мән-жайы барлығына айтылады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілі бар, бұл жүйені ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан зейнетақыларын салған адамдардың барлығы ақшасын алатын болады. Мұнда еш күмән болмасын, ешкім уайымдамасын", - деді ведомство басшысы. 

Дәурен Абаевтың айтуынша, инвестициялардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне тек қажетті тексеріс баға бере алады. "Тағы бір мәселе, бұл қаражаттар дұрыс салынды ма? Қазіргі уақытта осы жағдай ереше бақылауда, қажетті тексеріс жүріп жатыр", - деді министр. 

Осыған дейін Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде берген еді. "Міндеттер қайта құрылымданған соң Халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деген еді сарапшы Акрам Гасанов. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

441 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде береді   398 рет қаралды

БЖЗҚ-дағы тінту шараларының мән-жайы белгілі болды  864 рет қаралды

Зейнетақы жинағын неге мерзімінен ерте алуға болмайды   501 рет қаралды

Зейнетақы қоры салымшылар шотына қанша инвестициялық табыс бөлінгенін жариялады  341 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5